Ереванда Пашинянның Әзербайжанмен келіссөздеріне наразы 150 астам адамды полиция тұтқындады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ереванда наразы топтың үстінен әкімшілік іс қозғалды / Karen Minasyan/Getty Images / бильд-редактор Аружан Махсотова

Армения астанасы Ереванда премьер-министр Николь Пашинянның Әзербайжанмен қақтығысты шешуге қатысты саясатына қарсы жаппай наразылықтар жалғасуда. 

Ереван.today ақпаратына сүйенсек, 13 мамырда Еревандағы акция барысында 150 астам наразылық білдіруші азаматты полиция ұстап алып кеткен.

Акцияға қатысушылар Армения ӘҚБтК 182-бабы бойынша, яғни заң талаптарын орындамағаны үшін ұсталған. Қазір оларды шығару үшін заңгерлер мен оппозициялық депутаттар жұмыс жасап жатыр.

13 мамыр күні таңертең Ереванда Пашинянның отставкаға кетуін және Әзербайжанмен шекараны келісу процесін тоқтатуды талап ететін «Тавуш Отан үшін» қозғалысы шақырған наразылық акциялары өтіп жатыр. Наразылық білдірушілер бірқатар көшелерді қоқыс жәшіктерімен, жол белгілерімен және шөп үйінділермен жауып тастады.

Бұған дейін Армения СІМ Ереван мен Баку шекараны оның ішінде Тавуш облысы мен Әзербайжанның Солтүстік-Батыс ауданы арасындағы төрт ауылдың аумақтық тиістілігі туралы алдын-ала келіскенін деп мәлімдеген. 1990 жылдардың басынан бастап бұл аумақтарды Армения бақылап отырған. Алайда 2020 жылы елдер арасындағы әскери қақтығыстың нәтижесінде бұл аймақ Әзербайжанға өтеді.

Жергілікті тұрғындар бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы болып, наразылық білдіре бастады. 4 мамырда наразылық білдірушілер «Тавуш Отан үшін» наразылық шеруін бастады. 9 мамырда шеру Ереванға жетті. Оған шамамен 20 мыңнан астам адам қатысқан. 

Алматыда Армения мен Әзербайжанның сыртқы істер министрлері – Арарат Мирзоян мен Джейхун Байрамовтың келіссөздері өтті.  Министрлер екі ел арасындағы шекараны делимитациялау бойынша ілгерілеуді құптады.

«Министрлер Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян шекараны делимитациялаудағы ілгерілеуді және осыған байланысты қол жеткізілген келісімдерді құптады. Министрлер мен олардың делегациялары екіжақты «Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастар туралы келісім» жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті», – деп атап өтті Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі.

Армения тарапының да мәлімдемесі де Әзербайжан мемлекетінің ұстанымына ұқсас.

«Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады. Министрлер мен олардың делегациялары Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы екіжақты келісім жобасының ережелерін талқылауды жалғастырды. Тараптар ашық мәселелерге байланысты әлі келіспеушіліктер бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті», – делінген Армения СІМ-нің хабарламасында.

Сондай-ақ оқыңыз