Су тасқынына байланысты Қазақстанның ЖІӨ өсімі 4,5%-ға төмендеуі мүмкін – ЕҚДБ

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
ЕҚДБ 2024 жылы ЖІӨ өсімі 5% болады деп болжаған
Өткен қыркүйекте ЕҚДБ 2024 жылы ЖІӨ өсімі 5% болады деп болжаған / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қазақстанның 2024 жылғы экономикалық өсу болжамын 4,5%-ға дейін төмендетті. Бұл туралы қаржы иститутының «Аймақтық экономикалық перспективалар» атты баяндамасында жазылған.

Өткен қыркүйекте ЕҚДБ 2024 жылы елдің ЖІӨ өсімі 5% болады деп болжаған еді. Қаржы институтының мәліметіне сәйкес, болжамның нашарлауына елде болған су тасқыны әсер еткен.

«Мемлекеттік шығындардың ұлғаюы оның жиынтық сұранысқа әсерін бәсеңдетеді деп болжанып отыр. Су тасқынының толық әсерін әлі де бағалау қажет», – деп жазылған құжатта.

Қаржы институтының болжамынша, 2025 жылы елдің ЖІӨ-сі 5,5%-ға өседі. Бұған мұнай өндірудің артуы, ауыл шаруашылығының жандануы және жекешелендіру ықпал етеді.

Бұл ретте ұйым былтыр Қазақстан экономикасы негізінен тұтынушылық сұраныс пен мемлекеттік шығыстардың есебінен өскенін хабарлады.

«Экономикалық дамудың негізгі драйверлері бөлшек сауда және көтерме сауда болды. Бұл жалақы өсуімімен қолдау тапты. Бағаның төмендеуі нәтижесінде мұнай экспортынан түсетін түсімдер төмендегенімен, Еуропалық Экономикалық Одаққа экспорт мұнайдан тыс белсенділікті арттырды. Бұл 2024 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ өсуіне қолдау көрсетті», – деп жазылған құжатта.

Еске сала кетсек, Қазақстанның экономикалық өсімі аздап төмендеп барады. Бұны Ұлттық статистика бюросының статистикасынан байқауға болады. Еліміздің қысқа мерзімді экономикалық индикаторы қаңтар-наурызда 104,7 %-ды құраса, қаңтар-сәуірде 103,9%-ға дейін төмендеп кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз