Оңтүстік циклон әсерінен күн күркіреп, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады
Алдағы күндері еліміздің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Оңтүстік циклон өзімен бірге жаңбыр, найзағай, нөсер жауын мен бұршақ әкеледі. 16-18 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 16 мамырда шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады.
«Қазгдиромет» кейбір өңірде күн райы жылиды деп болжайды. Солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтайды. Күндізгі ауа температурасының 18-25 градусқа дейін жоғарылайды. Ал кейбір аудандарда түнде теріс температура сақталады.
Әрине, жайма-шуақ күндер қайта оралмақ. «Көп жағдайда жылы оңтүстік-батыс ағыны ауаны жылытады және температура фоны мамыр айындағы климатқа біртіндеп оралады», – деп сендіреді «Қазгдиромет».
Кей облыстарға жекелей тоқталсақ, 16-20 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының таулы және тау етегіндегі аймақтарда жаңбыр салдарынан өзен-көл, бұлақтар тасуы мүмкін. Алматы облысында да жағдай осындай болмақ.
16 мамырда Қарағанды облысының шығысында тұман түседі. Аттырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай соғады. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
«Қазгидромет» мамыр айында ауа райы тұрақсыз болады деп болжаған еді. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы жоғарылайды. Батыс, оңтүстік, орталық өңірлерде жауын-шашын жиілейді.