Польша шығыс шекарасы бойынша қорғанысын нығайтуға арналған жобаға 2,5 млрд доллар жұмсайды

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: архив/kursiv.media

Польша шығыс шекарасындағы қорғанысын нығайтуға 2,5 млрд доллар жұмсамақ.  Reuters басылымының хабарлауынша, бұл шара Ресей мен Беларусь жағынан қауіптің күшеюіне байланысты қолға алынып отыр.

2021 жылы Ресейдің одақтасы Минск Таяу Шығыста Еуропаға ресми емес жол ұсынатын туристік агенттік ашты. Содан бері Польшаның Беларусьпен шекарасында мигранттар шоғырланатын болды. Еуроодақ Минсктің бұл қадамы дағдарысты күшейтетінін мәлімдеді.

Ресей Украинаны басып кіргеннен кейін, бұл әскери іс-қимылды АҚШ айыптады және Минск пен Мәскеу Польшадағы жағдайдың тұрақсыз болуына себеп болып отырғанын алға тартты.

Премьер-министр Дональд Туск 10 млрд злотаға қорғаныс бағытында ірі жоба атқарылатынын  айтты. Жобаның экологиялық  тиімділігі бар екенін атап өтті. Польша-Беларусь шекарасында заңсыз мигранттардан қорғайтын ұзындығы 180, биіктігі 5,5 метр қорғаныс тұрғызылған. Ол камералармен жабдықталған.

Латвия да Ресей және Беларусь елдерімен өз шекарасын нығайту үшін 300 млн еуро инвестициялауды жоспарлап отыр. Елдің шығыс шекарасында Литва және Эстониямен бірлескен қорғаныс шебінің бөлігі ретінде танкке қарсы арықтар қазылып, миналар көміліп, өзге де тосқауылдар қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз