Moderna Pfizer мен BioNTech-пен арадағы патент туралы дауда жеңіске жетті
Еуропалық патенттік кеңсе (ЕПК) америкалық Pfizer Inc. (SPB: PFE) мен германиялық BioNTech және Moderna Inc. (SPB: MRNA) арасындағы патент бойынша дауға нүкте қойып, соңғысы жеңіске жетті. Бұл туралы reuters хабарлады.
Бұл жеңіс Moderna-ға COVID-19 вакциналарын сатудан түскен пайданың бір бөлігін қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін.
«Біз Еуропалық патенттік кеңсенің EP949 патентінің жарамдылығын растау туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймыз. Бұл Еуропадағы соттарда Pfizer және BioNTech сот ісін жүргізуде бекітілген негізгі патенттердің бірі»,– деді Moderna еуропалық БАҚ-на.
EPК шешімінің мәтіні алдағы айларда жарияланады.
Іскерлік БАҚ-ның сауалына жауап берген Pfizer «апелляцияға тоғыз ай уақыт бар, компания бұл мүмкіндікті пайдаланады» деген. Ал BioNTech сұрауға жауап бермеді.
Айта кетейік, бұған дейін Moderna Еуропа мен Америка Құрама Штаттарындағы бірқатар сотта екі бәсекелесін сотқа беріп, олардан коронавирустық вакциналардан түскен пайданың бір бөлігін өндіріп алуға тырысты. Moderna-ның айтуынша, аталған екі бәсекелесі компанияның екі патентін бұзды.
Бұдан кейін Pfizer және BioNTech Moderna компаниясының 2011 және 2016 жылдардағы патенттері жарамсыз деп өздерін сотқа берді.
Өткен жылы ЕПК олардың бірін жарамсыз деп танып, Moderna бұл шешімге шағым түсірді. Кейін соттар осы патенттің жарамдылығын бағалауды жалғастырып, Pfizer мен BioNTech-тің бұзғанын анықтады.
Moderna, Pfizer және BioNTech – COVID-19 вакциналарының жетекші өндірушілері. Тек 2022 жылы олардың осы препараттардан түскен жиынтық табысы 73,2 миллиард долларды құрады.
Бұдан кейін жұмадағы саудада Moderna акциялары 1,1%-ға қымбаттады, Pfizer акциялары 0,9%-ға төмендеді. BioNTech американдық депозитарлық қолхаттар (ADR) 0,5%-ға төмендеді.