«Міржақып», Садраддин, 50 Cent: Алматыда Ticketon Awards марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды
Алматыда Ticketon Awards марапаттау рәсімі өтті / Freedom Ticketon

19 мамырда Almaty Theatre сахнасында жыл сайынғы Ticketon Awards сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Көрермен дауыс беріп, еліміздегі заманауи мәдениет, өнер, спорт және қоғамдық өмір саласындағы ең танымал қайраткерлерді анықтады.

8 ақпан мен 11 наурыз аралығында Ticketon қолданушылары 34 номинация мен 7 санат бойынша 300 астам қатысушылардың ішінен өз таңдауларын жасады. Әрбір қазақстандық 2023 жылғы Қазақстандағы мәдениет және спорт саласына ең елеулі оқиғалар мен ең белсенді тұлғаларға дауыс беруге мүмкіндік алды. Барлығы 150 мыңнан астам дауыс берілді.

«Қазақстанның жыл әртісі» номинациясы бойынша 1011 дауыс жинаған Садраддин жеңімпаз атанды. Концертіне мыңдаған жанкүйер жиналатын жас әнші қазақстандықтардың жүрегін жаулап үлгерді. «Жылдың концерттік гастрольдік іс-шарасы» номинациясында танымал рэпер 50 Cent концерті 878 дауыс жинап, жеңіске жетті. Ол өткен жылдың 28 қарашасында Алматыда The Final Lap Tour аясында өткен.

Freedom Ticketon

«Жылдың киноактері» номинациясында «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінде басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаев 2647 дауыспен жеңіске жетті.

Дауыстарды санау қорытындысы бойынша «Жылдың киноактрисасы» номинациясында «Таптым-ау сені» комедиясында басты рөлді сомдаған Дариға Бадықова жеңіске жетті.

Жеңімпаздардың толық тізімі сайтында жарияланған. 

«Ханымдар мен мырзалар! Өткен жыл еліміздегі өнер, спорт және мәдени шаралар бойынша рекордты жылдардың бірі болды. Мұны өткен жылы билет сатудан рекордтық деңгейге жеткен Ticketon порталынан көруге болады. Біздің елдегі өнер индустриясы қазір шынымен өркендеу үстінде, ал талант бұрынғыдан да маңызды. Біз өте дарынды адамдардан құралған жас мемлекетпіз және жыл өткен сайын мұның дәлелін көріп келеміз. Туған жерінде де, шетелде де жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар көбейіп келеді. Біз елімізде өнердің дамуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, ал Ticketon заманауи технологияларды қолданысқа енгізу және бұл процесті мүмкіндігінше цифрландыру, іс-шараларға қатысуды одан да ыңғайлы ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда», – деді Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов.

Freedom Ticketon

Биыл марапат жеңімпаздарын құттықтауға 700 жуық қонақ жиналды. Қызыл кілеммен Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, театр және кино актерлері мен жетекшілері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шараның серіктестері жүріп өтті. Жарияланған номинациялардың жеңімпаздары көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді.

«Шараны осымен жетінші рет өткізіп отырмыз. Қазақстандағы қайғылы оқиғаларға байланысты шараны кейінге қалдырдық және бірнеше апта бұрын сайтымызда қайырымдылық акциясын бастадық. Бұл бастаманың бүгінде жалғасын табуын қалаймын және көмектеріңізді экранда көрсетілетін QR код арқылы жібере аласыздар. Жиналған қаражатты көмекке мұқтаж жандарға аударамыз, оған  «Мен Алматылықпын» қорымен Freedom Finance сияқты серіктестеріміз көмектеседі. Белсенділік танытқандарыңызға рахмет!» – деді Freedom Ticketon компаниясының бас директоры әрі марапатты ұйымдастыру комитетінің төрағасы Виктория Торгунакова. 

Сондай-ақ оқыңыз