Air Astana Лондон қор биржасында сатылған акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын кері сатып алмақ
Air Astana АҚ қарапайым акцияларын және акцияларды білдіретін жаһандық депозитарлық қолхаттарды сатып алу бағдарламасы Лондон қор биржасында («LSE») кеңейтілді.
Бұл 2024 жылғы 14 мамырдағы компания директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес қабылданды, деп жазылған КASE сайтында жарияланған ақпаратта.
2024 жылдың 30 сәуірінде АҚ «Қазақстан қор биржасы» АҚ («КASE») мен Астана халықаралық биржасында («AIX») сатылған акцияларын кері сатып алатынын хабарлаған.
«2024 жылғы 14 мамырдағы жағдай бойынша Қоғам KASE және AIX-те Қоғам агенті ретінде «Halyk Finance» АҚ («Halyk») арқылы 112 530 акция мен 4 651 ЖДҚ (18 604 акцияны білдіреді) сатып алды. 2025 жылдың 8 ақпанына дейін Акциялар немесе ЖДҚ түріндегі Бағдарлама шеңберінде сатып алуға болатын Акцияның қалған саны 4 655 666», – деп жазылған хабарламада.
Барлық сауда тиісті биржалардың ережелеріне сәйкес және қолданыстағы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
Air Astana кірісі мен әуе флотының көлемі бойынша Орталық Азия және Кавказ аймақтарындағы ең ірі әуекомпаниялар тобы. Топтың бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange және Лондон қор биржасында орналастырылған.
Еске сала кетсек, бұған дейін ақпанда IPO-сы өткен Air Astana әуе компаниясы 30 сәуірде Қазақстан биржаларында сатылған қарапайым акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын кері сатып алатынын хабарлады.
Бағдарламаның бірінші бөлігі аясында компания жалпы сомасы 12 млн долларға 4,8 миллионға жуық акция сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл бір акцияға шаққанда шамамен 1100 теңгені құрайды. Ал қазір қор нарығында компания акциялары 912 теңгеден саудаланып жатыр. Сатып алынатын бағалы қағаздар көлемі орналастырылған акциялардың шамамен 1,3%-на тең. Қайта сатып алу бағдарламасының бірінші бөлігі 2024 жылдың 30 сәуірінен басталып, 2025 жылдың 8 ақпанынан кешіктірілмей аяқталады.
Бағдарлама басталғалы 2 екі аптада 288,6 мың долларға 112 530 акция мен 4 651 жаһандық депозитарлық қолхаттар сатып алынған.
Ақпан айында «Эйр Астана» IPO өткізіп, нәтижесінде 120 миллион доллар тартты.