Morgan Stanley болжамы, Nvidia акциялары S&P 500-ді жаңа рекордқа жетелеп келеді, ЕОБ мемлекеттік облигациялардың тәуекелдерін айтты

Жарияланды
БАҚ шолуы / Shutterstock

Уолт-стриттегі ең беделді алыптардың бірі – Morgan Stanley-дің инвестиция жөніндегі директоры Майк Уилсон америкалық акцияларға қатысты болжамын өзгертті. Енді ол акциялар төмендемейді, керісінше, 2024 жыл қорытындысы бойынша сәл-пәл өседі деп болжайды. Сол екі ортада S&P жаңа рекордқа жақындады. Бұл жетістік жоғары технология саласы, әсіресе, Nvidia арқылы іске асты. Дәл осы компанияның тоқсандық есебі сәрсенбіге қарай нарықта ұзақмерзімді тренд қалыптастыруы мүмкін. Осы және басқа тақырыптар туралы 20 мамырдағы әлемдік БАҚ шолуынан оқыңыз.

Майк Уилсон америкалық акциялар бағасының құлдырамайтынын айтты

«Morgan Stanley-дің инвестиция жөніндегі директоры Майк Уилсон америкалық акцияларға қатысты өз болжамын өзгертті» деп жазады Yahoo Finance. Енді ол S&P 500 ауқымды индексі алдағы 12 ай ішінде 5 400 тармаққа жетеді деп күтеді. Бұл көрсеткіш – ағымдағы деңгейден 2%-ға жоғарылағаны. Инвестор алдыңғы болжамында индекс 4 500 тармаққа дейін төмендейді деп болжаған болатын.

«2024–2025 жылдарға (тиісінше 8% және 13%) пайданың өсуіне қатысты болжамымыз түсім дұрыс бағытта өседі деп күтеді. Өсу оң операциялық левередждің қалпына келуіне қарай (әсіресе 2025 жылы) екі жылдағы маржаның өсуінен басқа, орташа бір таңбалы сандардан көрініс табады», –  деп атап өтті Уилсон клиенттерге арналған жазбада.

Уилсон акциялардың өсу перспективаларының жақсарғаны жайында басқа сарапшылардың пікірімен келіседі. Бірақ қазіргі жағдайда макроэкономикалық нәтижелерді «болжау қиын». Сарапшының пікірінше, нарық «жұмсақ қону» және «қонбау» сияқты базалық сценарий арасында сенделу үстінде. Сондықтан инвесторлар жаңа ауытқуларға дайын болуы керек. 

 Макроэкономикалық жағдайдың үнемі өзгеруі ықтимал екенін ескере отырып, Уилсон жан-жақты ойластырылған шешім ұсынады. Атап айтқанда, оң экономикалық деректер осылай сақталып тұра берсе, сапалы өсу мен циклдік акциялар төбе көрсетеді. Олар болжанған мөлшерден асып түседі. Бұл ретте стратег хеджирлеу құралы ретінде қорғаныс акцияларын пайдалану керек деп ескертеді.

Уилсон S&P 500 үшін 6 350 тармаққа дейін оң сценарий, сондай-ақ 4 200 тармаққа бағалаумен «аюлық» нұсқасын да (бұл деңгейде АҚШ экономикасы құлдырауға ұшырайды) ұсынды. 

Nvidia нәтижесіне үміттенумен S&P өсіп келеді

Жақында S&P 500 индексі бұрын-соңды болмаған 5 325 тармақ маңайында саудаланды. Алайда сессия нәтижесі бойынша 3 308 тармаққа дейін төмендеп кетті деп жазады Reuters. Өсудің драйвері технология секторы, әсіресе, Nvidia (+2,4%) акциялары болды. 

Технологиялық алыптың акциялары І тоқсан есебіне қарай қымбаттап жатыр. Тоқсандық есеп алдағы сәрсенбіде, Нью-Йорктегі сауда аяқталған кезде шығады. 

Инвесторлар Nvidia табысынан дәлелдер іздеп, жасанды интеллект чиптерін жасау саласындағы лидер қарқынын сақтап, бәсекелестер арасында топ жарып тұруын қадағалайды.

Wedbush Securities аға вице-президенті Стивен Массокканың пайымдауынша, табыс жөніндегі есеп жақсы болған жағдайда Nvidia акцияры тағы қымбаттауы мүмкін. Барлық нарық онсыз да қымбаттап тұр, сондықтан қатты жоғарылау қиынға соғады. Сарапшылардың пікірінше,  Федералдық резерв жүйесі мөлшерлемелерінің төмендеуі нағыз бәйге тудырады.

Акциялардың қазіргі деңгейі олардың өз бағасынан шамадан тыс жоғары сатылуына алаңдаушылық туғыза бастады. S&P 500 индексі 20,8 форвардтық баға/пайда коэффициентімен сатылады. Бұл 15,9 тарихи орташа деңгейден едәуір жоғары көрсеткіш (lseg Datastream деректері).

Еуропа Орталық банкі Еуропаның мемлекеттік облигациялар нарығындағы тәуекелдер туралы ескертеді

«Еуропа Орталық банкі нарықтың қатысушыларына базистік саудадағы тәуекелдер, сонымен қатар қарыз қаражатын тарта отырып мемлекеттік облигациялармен жасалатын мәмілелерде де қауіп-қатер болуы мүмкін екенін ескертті» деп жазады Bloomberg.

Еске салсақ, базистік сауда – фьючерс пен облигация арасындағы баға айырымашылығын пайдалануға бағытталған стратегия. Мұндай сауда 2020 жылы пандемияның басында нарықтағы дүрбелеңге ықпал еткеннен кейін АҚШ-тың назарына ілікті.

Еуропада негізгі сауда негізінен Кайман аралдарында орналасқан хедж-қорлармен айналысады. Олар ЕОБ есебіне сәйкес, Еуроаймақтың мемлекеттік облигацияларының фьючерстері бойынша инвестициялық қорлардың жартысынан астамын иеленеді. Сондай-ақ аймақтың мемлекеттік репо нарығында ЕО-ға кірмейтін инвестициялық қорлардың барлығында белсенді.

ЕОБ мамандарының мәліментінше, базистік сауда Еуропаның қаржылық тұрақтылығына аса қауіп төндірмейді. Еуропада мұндай сауда АҚШ-қа қарағанда аз ауқымда және теңдестірілген таза фьючерстік позициялармен жүргізіледі. Ал ЕОБ мамандары қарыз қаражатты тартумен атқарылатын облигациялық саудада қауіп көп деп санайды. Өйткені ол облигациялар нарығында бағаның өсуіне себеп болуы мүмкін.

Мыстың бағасы шарықтап кетті

Дүйсенбі, 20 мамырда, мыстың бағасы рекордтық жоғары деңгейге жетті деп хабарлайды Reuters. Қытай билігі жылжымайтын мүлік секторын қолдауға ниетті. Бұл жай металл бағасының жоғарылауына әкелді. Лондон биржасында мыс бағасы үш айдан кейін тоннасына 11 мың доллардан асып түсті. Шанхай биржасында ең белсенді сатылатын келісімшарт – осы, онда шілдедегі деңгейден 5,26%-ға, тоннасына 87 640 долларға дейін қымбаттады. Басылым көздерінің бірінің айтуынша, бағаның өсуі жүйелік трейдерлердің сатып алуына түрткі болған.

Жақында Қытай Халық банкі жылжымайтын мүлік секторына 1 трлн юань (138 млрд доллар) көлемінде қосымша қаржы беретінін және ипотекалық несиелеу шарттарын жеңілдететінін мәлімдеді. 2024 жылдың басынан бастап LME-де мыс 29%-ға, ал SHFE-де 26%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ оқыңыз