Қазақстанда инвестициялық климат нашарлады – Halyk Bank басшысы

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Halyk Bank басшысы
Halyk Bank басшысы базалық мөлшерлемені төмендету керек деп есептейді / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Бұл туралы Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова «Қазақстанның қаржы секторы: стратегиялық сын-қатерлердің 25 жылы» форумында сөйлеген сөзінде айтты. Оның пайымынша, Қазақстанда базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап тұру бизнестен түсетін инвестицияның және елдегі несиелеу деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бұл инвестициялық ахуалға нашар ықпал етеді.

«Экономиканың басқа салаларының өкілдері де осындай проблемаларға тап болып отыр. Олардың кейбірі, Қазақстан нарығынан кетуді, соның ішінде Өзбекстанға көшуді жоспарлап жүр», – деді Шаяхметова.

Бұл ретте қаржы ұйымы басшысы Ұлттық банк базалық мөлшерлемені одан әрі төмендетуі керек деп есептейді. Оның пікірінше, бұл қадам – экономиканы жаңғыртудың жалғыз жолы.

«Базалық мөлшерлеме өте жоғары болғандықтан, нарықта қарыз алушыларды табу қиын. Мұндай жобалар азайып барады. Біз он екі айға сауда саласына көбірек несие береміз. Бірақ экономикадан жаңғырту және дамыту үшін ұзақ мерзімді несиеге сұраныс бар. Елдегі инвестициялық климат бұзылды», – деді Үміт Шаяхметова.

Сондай-ақ Halyk Bank басшысы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атынан мемлекеттің секторды шектен тыс реттеу туралы айтты. Оның пайымынша, қазіргі ережелер саланың дамуына кедергі келтіреді.

Еске сала кетсек, өткен жылдың басым бөлігінде базалық мөлшерлеме 16,75% болды. Ақпан айының соңында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,75%-ға дейін төмендетті. Қазір көрсеткіш осы деңгейде қалды.

Сонымен қатар 2024 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестиция 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға төмендеген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының шолуында жазылған.

Осы балама кезеңде тартылған инвестицияның теріс динамикасы ауыл, орман және балық шаруашылығы (-30,1%), білім беру (-18,0%), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (-29,0%) салаларында байқалды. Ал құрылыс (63,3%), көлік және қоймалау (50,9%), өңдеу өнеркәсібі (19,9%) оң динамика көрсеткен.

Сондай-ақ оқыңыз