Ресей ядролық қарумен оқу-жаттығуды бастады

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
ядролық қарумен
Ресей ядролық қатумен оқу-жаттығу өткізіп жатыр Фото: shutterstock

Ресей ядролық қарумен оқу-жаттығуды бастады. Оқу-жаттығу барысында Ресей Қарулы күштерінің Бас штабы стратегиялық емес ядролық қаруды сынақтан өткізеді. Бұл туралы РФ Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ресей Федерациясы Қарулы күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасына сәйкес, РФ Қарулы Күштері Бас штабының басшылығымен Оңтүстік әскери округінде стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау мен қолдан тәжірибелік сынақтарын өткізетін оқу-жаттығудың бірінші кезеңі басталды», – делінген хабарламада.

Осы кезеңде Оңтүстік әскери округінің жеке құрамы «Искендер» жедел-тактикалық зымыран жүйесіне арнайы оқ-дәрі салу, олармен зымыран тасығыштарды жарақтандыру бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындайды.

Ресей Аэроғарыш күштерінің авиациялық бөлімшелерінің жеке құрамы авиациялық қаруды арнайы оқтұмсықтармен, соның ішінде «Кинжал» аэробаллистикалық гипер дыбыстық зымырандарымен жарақтандыру және белгіленген патрульдік аумақтарға ұшыру тәжірибесін өткізеді.

Ресей әскери күштері стратегиялық емес ядролық қарумен оқу-жаттығу өткізетінін 6 мамырда хабарлаған. РФ Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу «жекелеген Батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қауіптеріне жауап ретінде», сондай-ақ «Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтап алу» мақсатында өткізілетінін мәлімдеген. Оның мақсатын «стратегиялық емес ядролық қаруды дайындау және қолдануға машықтану» деп нақтылаған.

2023 жылдың басында Путин ядролык каруды шектеу туралы АҚШ-пен арада жасасқан келісімді тоқтата тұру туралы шешім қабылдап, көп ұзамай Беларусь аумағында тактикалық ядролық қару орналастырылатынын айтқан.

Путин ядролық қауіптің бары туралы 2023 жылдың ақпанында Федералды жиналыс алдындағы Жолдауында мәлім еткен. Франция президенті Эммануэль Макронның Украинаға батыс әскерилерін жіберу туралы ұсынысына түсініктеме бере келе, Путин «мүмкін интервенциялар» «қайғылы салдарға» әкеледі деп мәлімдеген.

2024 жылдың наурызында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин елдің әскери-техникалық тұрғыдан ядролық соғысқа дайын екендігін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз