Болгариядағы ресейлік мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан шикізат жеткізілімін арттырды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Болгариядағы ресейлік зауыт мамыр айында тәулігіне 130 мың баррель мұнай сатып алды / Коллаж: Kursiv.media, бильд-редактов: Артур Алескеров

Ресейлік «Лукойлдың» Болгариядағы мұнай өңдеу зауыты Қазақстаннан шикізат сатып алуды арттырды, деп хабарлайды ресейлік «Ведомости» басылымы. Бұған дейін аталған ел үкіметі Ресей Федерациясынан мұнай сатып алуға тыйым салынған еді.

2024 жылдың мамыр айында Қазақстан Болгарияға ең ірі мұнай жеткізуші болды. «Лукойл Нефточим Бургас» зауыты күніне шамамен 80,4 мың баррель қазақстандық мұнай тасымалданған. Оның ішінде Болгариядағы зауыт жоғары күкіртті Kebco мұнайы мен жеңіл CPC Blend брендін сатып алды. Бұл қаңтардағы көрсеткіштен 8 есе көп.

Жалпы мамыр айында зауыт тәулігіне 130 мың баррель мұнай сатып алды. Бұл да жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бұл ретте зауыттың қуаттылығы тәулігіне 195 мың баррель мұнай өңдеуге мүмкіндік береді.

Мамыр айында зауытқа Қазақстаннан басқа Ирак тәулігіне 42,1 мың баррель мұнай жеткізді. Бұған қоса Ливия тәулігіне 29,1 мың баррель шикізат тасымалдады. Сонымен қатар, зауыт Норвегиядағы Йохан Свердруп кенішінен орташа күкіртті мұнайды мерзімді түрде сатып алды (сәуірде – тәулігіне 34,4 мың баррель).

«Лукойл» зауытқа 2024 жылдың басынан бері мұнай тасымалдамайды. ЕО Болгарияға Ресейден шикізат сатып алуға осы жылдың соңына дейін рұқсат берсе, 2023 жылдың соңында ел парламенті 2024 жылдың 1 наурызынан бастап ресейлік мұнайды сатып алуға тыйым салатын заң қабылдады.

Еске сала кетсек, Жапония 20 ақпаннан бастап ресейлік мұнайға қойылатын шекті баға ережелерін қатаңдатты. Ал АҚШ ресейлік алюминий, мыс және никель импортына тыйым салды.

Сондай-ақ оқыңыз