Қазақстан, Ресей, Қытай және Орта Азия елдері шегірткелердің таралып кетпеуін қадағалау мақсатында шекара маңында зерттеу жүргізеді

Жарияланды
шегіртке
Биыл шегіртке таралатын аумақ үлкен болады деп болжануда / Фото: shutterstock

Биыл Қазақстан шегіртке үйірімен күресу үшін шекералас жатқан Ресей,Қытай, Қырғызстан және Өзбекстан елдерімен келісімге келген. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов айтты.

«Шегіртке зиянкесі қанаты болған соң, шекарадан өтеді. Көрші елде де бұл зиянкестер көп тралаған. Осы орайда біз шекаралас әр мемлекетпен келісімге келгенбіз. Мысалы, Ресей федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен байланыстамыз. Шекара бойын екі ел де құатаң бақылауда ұстап отыр. Оның сыртында Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен бірлесіп осындай жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Шекаралық ймақтарда бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр»,- деді комитет басшысы.

Айтуынша, қазіргі таңда Ресей және Өзбекстанмен ортақ келісімге келіп, бірге зерттеу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Ал Қытаймен мұндай келісім шілде айында жасалады.

«Біздің тарап ол елдің шекара аумағына, олардың өкілдері біздің елдің шекара маңындағы амуққа зерттеу жүргізіп, арнайы құжатқа қол қоямыз»,- деді Әбдікәрімов.

Ол сонымен бірге зиянкестердің бір өңірден екінші өңірге миграциясын болдырмау мақсатында облыс әкімдіктеріне арнайы тапсырма берілгенін айтты.

Комитет өкілі биыл шегіртке таралатын аймақтың өткен жылмен салыстырғанда үлкен болатынын айтады. Оған 11 жылдық табиғи цикл әсер етеді.

«11 жылдық цикл биылға дөп келіп тұр. Шегіртке тектес бір зиянкес 10 шақты күбіршік тастайды. Ол күбіршіктің әрқайсысында 40-тан астам жұмыртқа болады. Сонда әр күбіршіктің ішінен 400-ге жуық шегіртке шығады. Күн сәулесінің күшею ол жұмыртқалардың сақталуына оң әсер етеді. Яғни ауа-райы ол зиянкестердің биыл көп болуына ісер етеді»,- деді.

Десе де, маман биыл ауа-райының құбылмалы болуы шегірткелердің таралуына кедергі болып отырғанын айтты. Мәселен, топан су салдарынан азиялық шегірткелердің жұмыртқасы су астында қалған. Сонымен бірге Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында күн 0 градусқа дейін суытуы мүмкін. Бұл да шегіртке жәндігінің жас ауыстыруына кедергі екен.

Еске сала кетсек, биыл шегірткемен күреске өткен жылғыдан екі есе көп қаражат жұмсалады. Бұл шараларға республика резервінен 8,1 млрд теңге бөлінген. Байқасақ, шегірткемен күреске үкімет жылдан жалға қаражатты көптеп бөліп жатыр. Мәселен 2022 жылы шегірткемен күреске 2,5 млрд теңге бөлінген.  Ал 2023 жылы республикалық бюджеттен табын зиянкестерімен күресуге пестицидтерді сатып алуға, сақтауға, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызметтерге 3,8 млрд теңге жұмсалған.

Айта кетейік, биыл шегірткенің көп болатынын экс-министр Ербол Қарашөкеев айтқан болатын. Ол сол кезде зиянкестердің күрт көбеюіне «күннің белсенділігі» әсер еткенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз