АҚШ компаниялары бірінші тоқсанда рекордтық мөлшерде дивиденд төледі

Жарияланды
Марк Цукерберг басқаратын Meta наурыз айында өз тарихында алғаш рет дивиденд төлей бастады / Фото: Reuters / Carlos Barria

Америкалық компаниялардың төлеген дивидендтері жылдың бірінші тоқсанында рекордтық деңгейге жетті. Осы кезеңде Meta өзінің акционерлерімен алғаш рет пайданы бөлісті. Ал Walt Disney 2020 жылдан кейін тоқтап қалған аударым жасауды қайта бастады. Сондай-ақ еуропалық екі компания Apple мен Microsoft-ты ығыстырып, осы саладағы әлемдік көшбасшыға айналды. Екінші тоқсанда тағы бір ІТ алыбы – Google-ге иелік ететін Alphabet дивиденд төлей бастайды.

Толығырақ

Janus Henderson компаниясының деректеріне сілтеме жасай отырып: «АҚШ компаниялары дивиденд есебінде 164,3 млрд доллар төледі», – деп хабарлады. Дивиденд көлемі, 2023 жылдың осындай кезеңіндегі мөлшермен салыстырғанда, 7%-ға өсіп, рекордқа жетті.

The Walt Disney Company «дивидендтік клубқа» оралды. Пандемияға байланысты 2020 жылы дивиденд төлеуді тоқтатқан компания содан 2024 жылдың бірінші тоқсанында алғаш рет акционерлерге әр қағаз үшін 0,3 доллардан ақша аударды деп атап өтті Barron’s. Наурызда Instagram мен WhatsApp иесі Meta өз тарихында алғаш рет дивиденд төлей бастады. Қытайлық Alibaba Group те пайдасын бөлісіп, акционерлерге 2,6 млрд-тан сәл ғана аз ақшаны таратып берді. Бұған дейін дивиденд төлеп көрмеген T-Mobile ұялы байланыс операторы қатарынан екі тоқсанда дивиденд төледі.

АҚШ-та дивиденд төлейтін компанияның бәрі дерлік өсіп келе жатқан кірістердің арқасында былтыр не төлем мөлшерін ұлғайтты, не сол деңгейде сақтап қалды деп атап өтті Janus Henderson. Тек Walgreens boots Alliance дәріхана желісі ғана қаржылық қиындықтарға тап болды. Walgreens биыл Dow Jones Industrial Average индексінен шығып қалып, оның орнына дивиденд төлемейтін Amazon келді.

Көшбасшылардың ауысуы

Әлемдік деңгейде төленген дивиденд сомасы 2,4%-ға ұлғайып, рекордтық 339,2 млрд долларға жетті. 8,6 млрд доллар үлестірген Novartis пен 7,6 млрд төлеген Roche швейцариялық фармацевтикалық компаниялары әлемдегі ең ірі дивиденд төлеушіге айналды. «Бұл екеуі былтырғы көшбасшылар – Microsoft пен Apple-ді ығыстырып, үшінші және төртінші орынға түсіріп тастады», – дейді Barron’s.

«Компаниялар капиталдық шығындар, басқа да қаржылық қажеттіліктер мен акционерлерге дивиденд төлеу, акцияларды қайта сатып алу арасынан тепе-теңдік табуға тырысады», – деді Barron’s-ге Janus Henderson клиенттері портфельдерін басқарушы Эмбер Милам. Жыл қорытындысы бойынша, әлемдегі дивиденд сомасы 5%-ға көбейіп, рекордтық 1,72 трлн долларға жетеді деп күтеді Janus Henderson.

Жаңа ірі ойыншы

Google-дің бас компаниясы – Alphabet алғаш рет дивиденд төлеуге ниетті екені туралы 2024 жылдың сәуірінде ресми түрде жариялады. Әр акция үшін 0,20 доллар маусым айында аударыла бастайды. Директорлар кеңесі келіскен жағдайда, компания әр тоқсан сайын дивиденд төлеуді жоспарлап отыр.

Кей сарапшылар АҚШ-тағы ең қымбат та табысты компанияның бірі – Amazon да дивиденд төлейтінін жариялайды деп күтеді деген болатын Bloomberg сәуір айында. Агенттіктің айтуынша, соңғы жылдары өз акционерлеріне ақша төлеу мәселесінде ең «сараң» компания болған Amazon-ның қазір көп ақша табатыны сонша – одан Уолл-стрит үлкен жомарттық күтеді.

Сондай-ақ оқыңыз