«ҚазТрансОйл» ішкі нарыққа мұнай тасымалдау тарифін көтермек

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
Мұнай тасымалдау тарифі қанша теңгеге өсті? / Коллаж: kursiv.media

2021-2025 жылдарға арналған магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау тарифтік сметасы өзгерді. Бұл туралы «ҚазТрансОйл» компаниясы Қазақстан қор биржасына ұсынған құжатта жазылған.

«2021-2025 жылдарға магистральдық құбырлар жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке «ҚазТрансОйл» АҚ тарифі мен тарифтік сметасы 1000 км-ге 1 тонна үшін 4 851,87 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітілді», – деп жазылған құжатта.

Көрсетілген тариф 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңа тариф «ҚазТрансОйл» АҚ «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 9-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2023 жылғы 20 маусымдағы №85-НҚ бұйрығына сәйкес бекітілді.

Бұған дейін ҚТО тарифті 2023 жылдың 22 маусымында өзгерткен. Ол кезде баға 1000 км-ге (ҚҚС-сыз) тоннасына 4 849,39 теңге деңгейінде белгіленді.

Демек шамамен 1 жылдың ішінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау тарифі – 2 теңгеге жуық немесе 0,02% өскен.

Былтыр ҚТО сәуірде ҚТО тарифті 15%ға көтеретінін хабарлады. Алайда кейін бұл өзгеріс қабылданбады.

«ҚазТрансОйл» АҚ – магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық құбыр желісіне иелік етеді. 

Сондай-ақ оқыңыз