"ҚазМұнайГаз" акцияларын сатып алуға Ұлттық қордың ақшасы тағы жұмсалуы мүмкін бе – Қаржы министрлігі жауап берді

Жарияланды (жаңартылды )
General News бөлімінің аға тілшісі
Қаржы министрлігі «ҚазМұнайГаз» акцияларын қандай шарттармен сатып ала алады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қаржы министрлігі «ҚазМұнайГаз» акцияларын нарықтық емес шарттармен бұрынғыша сатып ала алады. Бұл туралы  ведомствоның Курсивке берген ресми сауалына айтылды.

 Министрлік «Самұрық-Қазынаға» тиесілі «ҚазМұнайГаз» акцияларын сатып алу жоспары қалай жүзеге асатынын түсіндірді. «Курсив» акцияларды сатып алу биыл да Ұлттық Қор қаражаты есебінен бола ма деп сауал жолдады.

Ведомство жауабында бұл мәселеде негізгі екі құжат басшылыққа алатыны айтылған:  

  1. Ұлттық қор сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі. Тізімге ҚазМұнайГаз акциялары кіреді.
  2. ҚР-ның 2030 жылға дейінгі мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы. Бұл құжатқа сәйкес, үкіметтің шешімімен бюджетті қаржыландыру үшін ҚазМұнайГаз акцияларын олардың нарықтық құнына дейін жеңілдікпен сатып алуға рұқсат етілген.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі» ҚазМұнайГаз»акцияларын нарықтық құны бойынша сатып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, бұл шешім жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілеріне қайшы келмейді»,-делінген министрлік жауабында.

Тиісінше, Қаржы министрлігі бюджетті қаржыландыру үшін ҚазМұнайГаз акцияларын нарықтық емес шарттарда (жеңілдікпен), ал квазимемлекеттік сектор субъектілері (ұлттық компаниялар) үшін тек нарықтық шарттармен сатып алуды жалғастыра алады.

«Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҚР Ұлттық Банкі, Ұлттық экономика және қаржы министрліктерімен және Жоғары аудиторлық палатасымен бірлесіп, Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын жобаларды бағалау мен талдаудың міндетті рәсімінің тетігін әзірлеуде. Бұдан бөлек  оларды Ұлттық қордан қаржыландыру туралы шешім қабылданғанға дейін баламалы қаржы көздерін іздеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз»,- деп атап өтті ведомство.

10 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін нарықтық емес (жеңілдік) шарттармен Ұлттық қордан қаржыландыруды тартуға тыйым салынады. Президенттің тікелей келісімімен республикалық маңызы бар жобалар басты назарға алынады.

Айта кетейік 2023 жылы Қаржы министрлігі Ұлттық қор қаражатына «ҚазМұнайГаздың» 1,3 триллион теңгеге акцияларын сатып алды. Одан әрі ҚМГ иелігіндегі «Самұрық-Қазына» қоры үкіметке салықты қосқанда 1,3 триллион теңге көлемінде дивиденд төледі. Бұл қаражат Қазақстан бюджетіне жіберілді.

Еске салсақ бұған дейін Freedom Broker Қазақстан қор биржасына кезекті шолуында «Қазмұнайгаз» акцияларының бағасы 1,8% өсіп, биржада оң динамика көрсеткенін жариялады. Мәселен, «Қазмұнайгаз» акциялары 1,8%-ға қымбаттаған

Сондай-ақ оқыңыз