VEON цифрлық операторы TNS+ провайдеріндегі 49 пайыз үлесін сатты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Жаһандық цифрлық оператор - VEON
TNS+ провайдеріндегі 49 пайыз үлесті DAR компаниялар тобы сатып алды. Фото: shutterstock.com

Жаһандық цифрлық оператор – VEON Ltd. компаниясы TNS+ провайдеріндегі 49 пайыз үлесін өз серіктесі – DAR компаниялар тобына сатпақ.

Мәміле сомасы 137,5 млн АҚШ долларын құрайды. Сату-сатып алу шартын қазақстандық реттеуші мақұлдағаннан кейін, мәміле жабылады.

«Бұл келісім – біздіңasset-light стратегиямыздың бір бөлігі. Beeline Қазақстан – кең ауқымды өнімдері бар Қазақстанның цифрлық локомотиві: Simply қаржылық қызметтер қосымшасынан бастап, BeeTV ойын-сауық платформасы мен инновациялық Izi брендіне дейін. Beeline Қазақстандағы бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу еншілес кәсіпорны – QazCode елде жасанды интеллектті енгізу бастамашыларының бірі. Бұл келісім бізге осы салаларға шоғырлану және инфрақұрылым қызметтерін басқаруды оңтайландыруға, оларды серіктестеріміздің сенімді қолына тапсыруға мүмкіндік береді», – деді VEON компаниялар тобының бас директоры Каан Терзиоглу.

TNS-Plus – телекоммуникация қызметін: интернетке қол жеткізу, байланыс арналарын жалға беру және дауыстық трафик беру, IP VPN желілерін ұйымдастыру, қалааралық және халықаралық байланыс арналарын қамтамасыз ету, аумақта халықаралық транзиттік және Қазақстан аумағында мөлдір цифрлық арналарды ұсынатын оператор.

Компания құрылтайшылары ретінде Medeu Telecom мен Teta Telecom көрсетілген. Medeu Telecom-ның құрылтайшысы Dar Telecom Limited. Оның бірінші басшысы – Алдиар Өтемұраmов. Құрылтайшылары- Аңсат Жабағин мен Алдиар Өтемұратов.

Ал Teta Telecom-ның жалғыз құрылтайшысы – VEON Micro Holdings B.V. Яғни Dar компаниялар тобы TNS Plus (TNS+) ЖШС-ін толық иеленбек.

DAR – телекоммуникация, финтех, медиа және технологиялар саласында тәжірибесі бар халықаралық топ. DAR компаниясының негізін инвестор және технологиялық кәсіпкер Алидар Өтемұратов қалаған.

VEON – 160 миллионға жуық тұтынушыларға конвергентті байланыс пен цифрлық қызмет ұсынатын цифрлық оператор. Әлем халқының 7%-дан астамын құрайтын алты елде жұмыс істейді. VEON штаб-пәтері Амстердамда орналасқан және NASDAQ және Euronext тізімінде.

Сондай-ақ оқыңыз