Тарихи процесс: АҚШ алқабилер соты Дональд Трампты кінәлі деп таныды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
трамп
АҚШ алқабилер соты Дональд Трампты кінәлі деп тапты / Фото: shutterstock

Нью-Йорк сотының алқабилері АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты 2016 жылғы сайлау қарсаңында іскерлік құжаттаманы бұрмалағаны үшін кінәлі деп тапты.

Politico ақпаратына сүйенсек, Трамп 2016 жылдың сайлауы алдында порно актриса Сторми Дэниэлске төленген қаржыны жасыру үшін құжаттарды бұрмалаған.

Жалпы алғанда, бұрынғы президентке 34 тармақ бойынша айып тағылды. Алқабилер барлық тармақ бойынша Трампты кінәлі деп тапты. Айыпталушы президенттің өзі 34 баптың ешқайсысына қатысты өз кінәсін мойындамады. 

Манхэттенде болған процесске сарапшылар «Тарихи процесс» деген ат берді. Себебі Трамп сотта кінәлі деп танылған АҚШ-nың тұңғыш президенті.

Бір жарым айға созылған процессте алқабилер бірауыздан айыптау немесе ақтау үшін дауыс беруі керек болған. 

Алқабилердің шешімінен кейін, сот Трампқа үкім шығарады. Үкімді жариялау уақыты 11 шілдеге тағайындалды. Ал 15 шілдеде Милуокидегі ұлттық съезде АҚШ республикалық партиясы Трампты ресми түрде президенттікке кандидат ретінде ұсынады деп жоспарланған.

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың Колорадо Жоғарғы сотының шешіміне түсірген шағымын қарайтынын мәлімдеген. Бұған дейін Колорадо штатының соты оны президенттік сайлаудан шеттету туралы шешім шығарған

Сондай-ақ оқыңыз