«Қазақтелекомның» І тоқсандағы табысы 2023 жылдың 3 айымен салыстырғанда 23,2% азайған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Қазақтелеком» 2024 жылдың І тоқсанында 25,6 млрд теңге табыс тапқан. Бұл 2023 жылдың үш айымен салыстырғанда төрттен бір есе аз. Былтыр бұл кезеңде компания пайдасы 33,3 млрд теңгені құраған еді.

Компанияның активтері 11,2 млрд теңгеге немесе шамамен 0,008%-ға қысқарды. Міндеттемелер 37,2 млрд теңгені құрап отыр. Қаржы есебінен компания міндеттемелерінің де сәл азайғанын байқауға болады.

Былтыр «Қазақтелекомның» таза табысы 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға азайған болатын. Компания 2023 жылы 04,403 млрд теңге табыс тапқан.

Компанияның салыққа дейінгі пайдасы 18,4%-ға, 134,237 млрд теңге, операциялық пайдасы – 11%-ға төмендеп, 161,311 млрд теңгені құрады. Жалпы пайда 1%-ға өсіп, 237, 728 млрд теңгеге жетті.

Компанияның активтері 15,2%-ға өсіп, 1,483 трлн теңгеге, міндеттемелері – 22,1%-ға, 679,338 млрд теңгеге, меншікті капиталы – 10%-ға, 803,662 млрд теңгеге дейін өсті.
Жарғылық капитал 12,136 млрд теңге деңгейінде қалған.

«Қазақтелеком» 2023 жыл үшін акционерлеріне 23,1 млрд теңге дивиденд төледі. Бұл компанияның былтырғы таза пайдасының 24,79 пайызына тең. KASE-ге жолдаған ақпаратында компанияның 2018 жылдан бері жалпы 150 млрд теңге дивиденд төлегені жазылған.

«Қазақтелеком» жергілікті телекоммуникация нарығында басым орынға ие. Компания Kcell ұялы байланыс операторының 51% акциясына иелік етеді. Қазақстан қор биржасындағы мәлімет бойынша, Қазақтелекомның негізгі акционерлері: «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры (79,24%) мен «First Heartland Jusan Bank» АҚ (9%). басқа акционерлерге 9,77% үлесі тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз