Перзидент сайлауы: Мексиканы алғаш рет әйел президент басқарады

Жарияланды
мексика
Фото: shutterstock

Мексика мемлекетін алғаш рет әйел президент басқаруы мүмкін. Reuters ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, сайлауда басым дауыспен кандидат Клаудия Шейнбаум алда келеді.

Жексенбі күні мексикалықтар президент сайлауында дауыс беріп, өз таңдауын жасаған. Ел тарихында алғаш рет сайлауға әйелдер түсіп, Шейнбаум қарсыласы Сочитль Гальвестен озған.

«Parametria сауалнамасына сәйкес, Шейнбаум басым дауысқа ие болды. Экзит-полдың көрсеткіштеріне сәйкес ол 56% дауыс жинаған, ал оппозициялық кандидат Сочитл Галвес 30% дауыс жинаған»,- деп хабарлайды басылым.

Шейнбаум Калифорния университетінде, Берклиде оқыған. Мексиканың Ұлттық Автономды Университетінде физика және энергетикалық инженерия бойынша PhD дәрежесін қорғаған. Ол сонымен бірге Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық комиссясында қызмет еткен. Бұл ұйымға 2007 жылы Нобель Бейбітшілік сыйлығы берілген болатын. Оның басқарушылық тәжірибесі де мол. Ол 2018 жылы Мехико мәрі болып сайланған.

Президенттікке үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасында 100 млрд доллар қарызға батқан Pemex мемлекеттік мұнай компаниясын сақтап қалуға уәде берген. Оның жоспарына сәйкес компания болашақта жасы энергетикамен жіне литий кен орындарын игерумен де айналысатын болады.

Шейнбаумның қарсыласы Сочитль Гальвес те мемлекеттік басқаруда тәжірибесі бар. Осыған дейін Сенатта отырған. Галвес – жергілікті отоми тайпасының өкілі саналады. Ол көбінде прогрессивті көзқарасты ұстанады.

Сондай-ақ оқыңыз