Антикор әлеуметтік желідегі бейнежазбадан кейін алматылық полицейлерге қатысты тергеуді бастады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Әлеуметтік желіде шыққан жарияланым бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетелдік азаматтан пара алды деген күдікпен Алматы полицейлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ведомствоның мәліметінше,17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың Алматы полиция қызметкерлеріне ақша беру фактісі жазылған видео жарияланған.  

«Жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу фактісі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Тергеу жалғасуда», – делінген Агенттік таратқан хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық тәуекелдері мен құқық бұзушылықтар тұрғысынан әлеуметтік желілерге, ақпараттық арналар мен мессенджерлерге тұрақты негізде мониторинг жүргізетінін атап өтті.

Осыған дейін ТЖМ-ның лауазымды тұлғалары жалпы көлемі 40 млн теңгеге жуық пара алды деген күдікке ілінген болатын. Атап айтқанда, Антикор ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызметінің төрағасына, сонымен бірге Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты тергеу жүргізген. Министрліктің лауазымды тұлғалары жалпы сомасы 40 млн теңгедей пара алды деп күдіктеледі. Олар бұл қаражатты бизнес өкілінен жүйелі түрде алып отырған деген күдік бар.

Сондай-ақ, осыған дейін Астанадағы арнайы ХҚКО-да көлікті заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталған еді. Олар мемлекетке 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген.

Сондай-ақ оқыңыз