ЕАЭО елдері арасында Қазақстан мен Армения өнеркәсіп өндірісі бойынша ең төмен нәтиже көрсеткен
Еуразиялық экономикалық комиссияның статистикасына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстан мен Армения ЕАЭО елдері арасында өнеркәсіп өндірісі бойынша ең төменгі өсім көрсеткен.
«Көрсеткіш бір жылмен салыстырғанда 3,4%-ға өсті, Арменияда одан төмен 0,7%», – деп жазылған есепте.
ЕЭК ақпаратына сүйенсек,2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде өндіруші бағасының айтарлықтай өсуі (5,8%-ға) байқалды. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі өндірушілердің бағасы қызмет түрлері бойынша 2,8%-ға өсті.
Электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау 2,1%-ға, қызмет түрлері бойынша сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1,8%-ға өсті.
2024 жылғы сәуірде ЕАЭО үшін өнеркәсіптік өндірушілер бағасының индексі наурызбен салыстырғанда 101,6%, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,5%-ды құрады.
Бірақ одаққа мүше басқа елдерде өнеркәсіп өнімдері бағасының күрт өсуі байқалды: Ресейде 19,1%-ға, Қырғызстанда 10%-ға, Беларусьте 6,3%-ға.
2024 жылғы сәуірде 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді қазу өнеркәсібіндегі бағасының максималды өсуі Арменияда (18,7%-ға) және Беларусьте (16,3%-ға) тіркелді.
Өңдеу өнеркәсібінде осы кезеңде бағасының ең көп өсуі Қырғызстанда (3,6%-ға) және Ресейде (3,0%-ға) тіркелді.
Бұған дейін, ЕАЭО елдері арасында Қазақстан өнеркәсібінің өсімі ең төмен болған. Ол кезде көрсеткіш 4,6% өскен.
ЕАЭО елдері арасында азық-түлікке ең көп ақша жұмсайтын – Қазақстан халқы.