Қазақстанда 2050 жылға қарай егде жастағылардың саны өсіп, еңбекке қабілетті адамдарға түсетін жүктеме артады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ұлытау облысы
Қазақстанда халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетуі мүмкін / Фото: shutterstock

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2024 жылғы 1 қаңтарға ел халқының саны – 20 млн-нан асты. Қазақстанда халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді деп болжануда. Бұл туралы БЖЗҚ хабарлады.

Бұл ретте жас топтары бойынша олардың үлесі:

  • 25 жасқа дейін – 8,5 млн адам (42,6%);
  • 25 жастан 65 жасқа дейін – 9,7 млн адам (48,5%);
  • 65 жастан асқан – 1,8 млн адам (8,9%).

Халықтың өмір сүру ұзақтығы арта ма?

Өмір сүру ұзақтығы пандемия жағдайында (2020-2021) төмендегеннен кейін 2021 жылғы 70,23-тен 2023 жылы 75,09 жасқа дейін өсті.

БҰҰ-ның да болжамдары өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты 2050 жылға қарай демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді. 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2008 жылғы 9,7%-дан 2023 жылы 13,6%-ға дейін өсті. Бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 16,7%-ға дейін артады. Яғни 2050 жылға орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 және одан жоғары жаста болады.

Бала туу көрсеткішінің төмендейді

Халық құрылымына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – жиынтық туу коэффициенті (ЖТК). Ол бір әйелді (яғни 15 пен 50 жас аралығында) орташа есеппен қанша рет босана алатынын көрсетеді. 2022 жылдан бастап бұл көрсеткіштің 2023 жылы 3,05-тен 2,96-ға дейін төмендеуі байқалды.

«БҰҰ болжамдарына сәйкес Қазақстандағы туу коэффициентінің 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендеуі күтілуде. Бала туу көрсеткішінің төмендеуі – бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы жағдайында 1 еңбекке қабілетті адамға түсетін демографиялық жүктеме артады», – деп хабарлады БЖЗҚ.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үлесі төмендейді

Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2023 жылы 5,49-ға дейін төмендеді.

БЖЗҚ мен БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициентінің 2050 жылға қарай шамамен 4,0-ге дейін төмендеуі жалғасады. Бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін «жүктемені» арттырады. 

Жалпы Қазақстанда зейнетақы қорындағы салымдары бойынша 31-40 жас аралығындағылар көш бастап тұр.

Сондай-ақ оқыңыз