«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша салымшыларға 1 трлн теңгеден астам сомаға қарыз берілді

Жарияланды
«7-20-25» бағдарламасы бойынша салымшыларға 1 трлн теңгеден астам сомаға қарыз берілді / фото kursiv.media

«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша салымшыларға 1 трлн теңгеден астам сомаға 74 151 қарыз берілді. Ұлттық банк 30 мамырдағы жағдай бойынша мәлімет ұсынды.

Ірі мегаполистер бойынша бөлінген қаражат мөлшері:

  • Астана қаласында 26 920 өтінім – 426,2 млрд теңге
  • Алматы қаласында 15 089 өтінім – 235,8 млрд теңге
  • Шымкент қаласында 5 486 өтінім – 68,7 млрд теңге

Ипоткалық бағдарлама 2029 жылға дейін жұмыс істейді. Бір жылда бағдарлама операторы 100 млрд теңгені игеруі тиіс. «7-20-25» бойынша Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларынан құны 25 миллион теңгеге дейінгі үйді сатып алады. Бағдарламаға Банк РБК, Евразиялық банк, Fortebank, Халық Банкі, Центр Кредит банкі, Altyn Bank, Фридом Финанс Қазақстан банктері қатысады. Биыл 5 мың отбасыға ипотекалық несие беріледі. Былтыр 6 мыңнан астам адамға займ үлестірілді.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Жылдық мөлшерлемесі – 7%
  • Бастапқы жарна – 20%-дан бастап
  • Несие мерзімі – 25 жылға дейін

Биыл Қазақстанда жаңа бағдарламалар іске қосылды. 1 наурыздан бастап «Отау» бағдарламасы бойынша займдар беріле бастады. «Отаудың» алғашқы жарнасы – 20%. Көктемнің алғашқы айында «9-20-25» бағдарламасы аясында «Отбасы банк» өтінімдер қабылдауға кірісті. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 150 млрд теңге қарастырылған.  

Сондай-ақ оқыңыз