Сәуір айында үш компания есебінен акциялармен сауда-саттық көлемі ұлғайды

Жарияланды
Сәуір айында үш компания есебінен акциялармен сауда-саттық көлемі ұлғайды / kursiv.media билд-редактор Артур Алескеров

1 мамырдағы жағдай бойынша негізінен «Эйр Астана» АҚ (-10,0%), «Kaspi.kz» АҚ (-7,8%) және «Кселл» АҚ (-4,4%) акциялары бағасының төмендеуі себепті акциялар нарығын капиталдандыру әлсіреді. Яки сәуірде 1,1%-ға немесе 346,2 млн теңгеге (2024 жылдың басынан бері 14,0%-ға өсті) азайып, капиталдандыру  көлемі 30,5 трлн теңге болды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығына шолу жасады.

Сәуір айында «ForteBank» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ  есебінен акциялармен сауда-саттық көлемі ұлғайды. Бір айда сауда-саттық көрсеткіші 61,5%-ға немесе 8,2 млрд теңгеге жетіп, 21,5 млрд теңгені құрады.

1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің 100 түрлі акциясы болды.

Сәуірде KASE индексі 1,3%-ға 5 011,6 тармаққа дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 19,7%-ға өсті).

«KASE Global» секторында  1 мамырдағы жағдай бойынша 46 түрлі акция, 54 шетелдік эмитенттің 11 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 15,6%-ға немесе 0,4 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы сәуірде 2,2 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі  сәуірде 13,6 трлн теңгеге дейін 0,8%-ға немесе 106,5 млрд теңгеге жетті (жыл басынан бері өсім – 0,5%).

Сәуірде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 2,7%-ға немесе 3,1 млрд теңгеге 111,8 млрд теңгеге дейін азайды. Мамыр айына дейін KASE сауда-саттық тізімдерінде 115 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 420 шығарылымы болды.

Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі  – 49,1 млрд теңге. Бұл 2024 жылғы наурыздағы көрсеткіштен 48,1%-ға немесе 45,4 млрд теңгеге аз.

Мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 53,2%-ға көбейді

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2024 жылғы сәуірде  3,0%-ға немесе 720,3 млрд теңгеге жетіп, 24,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 4,3%-ға өсті).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша 789,5 млрд теңгені құрап, бір айда 53,2%-ға немесе 274,3 млрд теңгеге ұлғайды. 

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 46,0%-ға немесе 194,1 млрд теңгеге 616,2 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 10,74 – 12,25% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.

Ұжымдық инвестициялау нарығында  1 мамырдағы жағдай бойынша 51 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді. Оның ішінде 25 аралық, 25 жабық және 1 ашық пай қоры бар.

Басқарудағы активтер сәуірде  2,4%-ға немесе 6,9 млрд теңгеге азайып, 1 мамырдағы жағдай бойынша 273,8 млрд теңгені құрады. Осы мерзімде бағалы қағаздар портфелі 241,6 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 88,2%-ын құрады.

Дербес шоттар саны 2 093 мыңға дейін өсті

Сәуір айында Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 0,3%-ға немесе 9 мың шотқа көбейіп, 2 802 мың болды. Оның ішінде:

  • депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 708,9 мың қосалқы шотқа дейін 1,5 мыңға немесе 0,2%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан 12,4 мыңға немесе 1,8%-ға өсті);
  • брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 2 093 мың шотқа дейін 7,9 мыңға немесе 0,4%-ға өсті (2024 жылдың басынан 344,1 мыңға немесе 19,7%-ға өсті).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен 2024 жылдың сәуір айында есептелген комиссиялық сыйақыларды және кері репоны азайту (2024 жылдың басынан бастап 3,2%-ға төмендеген) есебінен 1,0%-ға немесе 6,9 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 680,3 млрд теңгені құрады. 

Міндеттемелер  214,4 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға немесе 0,2 млрд теңгеге шамалы азайды (2024 жылдың басынан 10,8%-ға азайды). 

Меншікті капитал негізінен бөлінбеген пайданың және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздарды қайта бағалауға арналған резервтің азаюы нәтижесінде 465,9 млрд теңгеге дейін 1,4%-ға немесе 6,7 млрд теңгеге азайды (2024 жылдың басынан 0,7%-ға өсті).

Сондай-ақ оқыңыз