Google A.I. Overviews деп аталатын жаңа функциясын қосты

Жарияланды
shutterstock / бильд-редактор: Денис Андреев

Басыңыз ауырып тұр ма әлде вирус жұқтырдыңыз ба? Стресс күйіндегі адам халі қандай? Кеудем қысылып тұр, не болуы мүмкін? Google осы тектес сұрақтарға жауапты жасанды интеллект арқылы беретін болды.   

Осы айда Google жасанды интеллект  көмегімен жүзеге асатын A.I. Overviews деп аталатын жаңа функция қосты. Бұл – машинаға үйрету технологиясы арқылы интернеттегі барлық мәліметті жинақтап, диалог күйінде жауап беру мүмкіндігі.  

Функция іске қосылған бірнеше аптада қолданушылар белгілі бір тақырыптарға байланысты біртүрлі жауаптар мен қате байқады. Дегенмен бұл олқылық денсаулыққа қатысты сұрақтарға келгенде тіпті қауіпті болуы мүмкін. Технология қолданушыларға салауатты өмір салтына қатысты кеңестер беріп, дәрігерге бару керегін айтқанымен, жалған ақпарат беруі де мүмкін. Өйткені ЖИ интернетте бұған дейін жарияланған мақалаларды, сұрақтарды негізге алады. Ал ол мақалаларға фактчек жасалуы, ғылыми дәлел болуы екіталай. Сондықтан медицинаға  керағар, адам денсаулығына кесірін тигізер кеңес айтуы ғажап емес. 

Пайдаланушылар оны тексеріп те үлгерген. Мысалы, жақында бір қолданушы «Неше тас жеуім керек» деген сауал қойған. Оған ЖИ интернеттегі барлық ақпаратты шолып, «Минерал мен дәрумендер алу үшін күніне  кем дегенде бір тас жеген жөн» деген жауап берген. Сан-Диегодағы Калифорния университетінің денсаулық бойынша бас ЖИ офицері Карандип Сингх оқығанның барлығына сенбеуге шақырды.  

Google-дің  өнімдерді басқару бойынша аға директоры Хема Бударажу  A.I. Overviews-пен жұмысты басқаруға көмектеседі. Осыған қатысты  компания өкілі денсаулыққа байланысты сұрақтар әлі де жақсартылуы керегін айтады.

«Жүйе адам өміріне аса қауіпті жауаптар бермейді»,  – дейді.

Сөзіне қарағанда A.I. Overviews ақпарат алатын бірқатар сайт тізімі бар, бірақ оны бөлісуден бас тартты. A.I. Overviews мыңдаған дереккөзден миллиардтаған факт табатын Google Knowledge Graph ақпарат жүйесімен  бірлесіп жұмыс істейді екен.  Ендігі кезекте ЖИ жауабына арқау болған сайт дереккөз  ретінде  көрсетіліп отырмақ. Қолдауншылардың пайымдауынша, жүйе көбіне Mayo Clinic, WebMD, the World Health Organization сайттары мен ғылыми зерттеулер хабы PubMed-ке  сүйенетін көрінеді. Алайда Wikipedia, түрлі блогтар, Reddit пен коммерциялық сайттардан да ақпарат алып жатады. 

Стандарт іздеу  нәтижесі көмегімен қолданушылар ресми, тексерілген дереккөз бен коммерциялық сайттарды ажырата алады. Дегенмен бірқатар дереккөзден алынған ақпаратты жинақтаған мәтін шатастыруы мүмкін.

«Жүйенің ақпаратты тексеру мәселесімен қатар қолданушылардың оқыған ақпаратын тексере ме деген сұрақ туындауы керек. Дезинформацияға қатысты жеке зерттеуім қолданушылардың жауап іздеуіне қатысты пессимист көзқарас қалыптастырды. Олар көбіне тез ақпарат алуға ғана ұмтылады», – дейді Денсаулық бойынша ақпараттандыру Стенфорд бастамасының басшысы доктор Сима Ясмин. 

A.I. Overviews өкілдері жүйе шығаратын жауаптар тізімінің бас жағындағы ақпарат қажет фактінің қаншалықты тез алуға болатынын көрсету мақсатындағы нәтиже екенін алға тартады. Ал Кливленд емханасының өкілі қолданушылар жауапты жасанды интеллекті берген тізімнен емес, ресми дереккөздерден іздеуі керек деген пікір айтады. Яғни дұрыс ақпарат алуына қолданушының өзі жауапты және қажет жағдайда жауапты дәрігерден білгені абзал. Калифорнияда орналасқан Scripps Health денсаулық сақтау мекемесі керісінше бұл жаңа функцияға қуанышты. Өйткені, олардың болжамынша, жасанды интеллекті жауап іздеп, мекеме сайтына шолу жасап, оларды қолданушыларға ұсынған сайын Scripps Health сенімді дереккөз ретінде танылады.  

«Дененмен жасанды интеллекті контентімізге сүйеніп дайындаған жауапқа қатысты жауапкершілік ала алмаймыз», – дейді компания өкілі. 

Сарапшылар медицинаға қатысты сұрақта жауаптың дұрыстығымен қоса оның қолданушыға ұсынылуы да маңызды дейді. Огайо штатының Уекснер университетіне қарасты Медицина орталығының Жүрек-қан тамырлары бөлімінің жетекшісі доктор Ричард Гумин ЖИ-мен тәжірибе өткізіп, одан жүрек ұстамасына қатысты кеңес сұрайды. Дәрігердің айтуынша жасанды интеллект 911-ге, яғни жедел жәрдемге хабарлас деген кеңеске дейін ұзын-сонар мәтін шығарған. Гумин «Инсульт алғандаймын» деген команда жолдағанда ғана жедел жәрдем шақыру керегін айтқан. Дәрігер кез келген науқас жүрегі ауырғанын айтса, оған ең дұрыс кеңес – көмек шақыру. Олар жасанды интеллект ұсынғанның бәрі оқи бермей, мәтін астындағы кішкентай шрифтпен жазылған ақпаратқа да мән беру керегін еске салады. Ал ол жерде көбіне «Бұл ақпарат беру мақсатындағы мәтін. Медициналық кеңес алу үшін арнайы маманға жүгініңіз» деп жазулы тұрады. Сондықтан сарапшылар Google-дің жаңа функцияларын абайлап қолдану керегін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыз