Home Credit Bank 2023 жылғы табысынан дивидендтер төлемеуге шешім қабылдады
Home Credit Bank 2023 жылғы таза пайданы бөлмей, дивидендтер төлемеуге шешім қабылдаған. Алайда компания табысы шамамен жартыға 25,2 млрд теңгеге дейін өскен. Бұл туралы қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасында (KASE) хабарлаған.
Home Credit Bank-тің таза кірісі өткен жылы 48,4% өсті (2022 жылдың қорытындысы бойынша 17 млрд), бірақ акционерлер «өткен жылдағы бөлінбеген таза пайданы» банк шотына бағыттауға шешім қабылдаған. 31 желтоқсанда банк қаржысы 151,6 млрд теңге болған.
Банктің табысы негізінен операциялық кірісті 40,6% және пайыздық кірісті үштен біріне ұлғайту арқылы өсті. Активтер 46,1%, яғни 792,9 млрд теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ бөлшек клиенттерге берілген кредиттер 42,5% өсті.
2024 жылдың басында Home Credit Bank директорлар кеңесі 2022 жылғы дивидендтерге 17 млрд пайданың 14,9 млрд теңгесін жіберуді ұсынған. Алайда акционерлер таза табысты бөлмеуге және оны банктің қарамағында қалдыруға шешім қабылдады.
Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғанға дейін ресейлік Home Credit Bank қазақстандық филиалына да иелік етті. Ресейлік компанияның негізгі акционері PPF Group болды. PPF ресейлік еншілес компаниясын сатқаннан кейін қазақстандық банкті Чех инвесторларының тобы сатып алды.
Сатылым алдында қазақстандық Хоум Кредит банкі 22 ЕДБ арасында 503,5 млрд теңге актив көрсеткішімен 14-орында тұр. Несие портфелі 400 миллиард теңгеден сәл ғана асады. Жеке тұлғалардың банктегі қаражат көлемі 160 миллиард теңгеден, заңды тұлғалардың қаражаты 16,2 миллиард теңгеден асады. «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Қазақстандағы жұмысын 2005 жылы бастаған. 2008 жылы Иржи Шмейц «Алма-Ата халықаралық банкі» АҚ акцияларының 90,01%, ал Home Credit B.V (PPF Group N.V. еншілес ұйымы) банктің қалған 9,99% акциясын сатып алды. 2013 жылы Ресейдің Хоум Кредит және Қаржы Банкі қазақстандық қаржы институтының жалғыз акционері атанды.