Жамбыл облысында қорық өртенді. Өрт аумағы 1800 гектарға жеткен
Жамбыл облысының Меркі ауданыда үлкен өрт шықты. «Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» Сарықоба орманшылығының аумағындағы өрт көлемі 1750 гектарға жеткен.
Өрт кеше сағат 16-20 шамасында шыққан. Құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатыр. Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Тұрар Рысқұлов ауданына өтті.
Жамбыл облыстық әкімдігінің мәліметінше, орман шаруашылығы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан. Өрт сөндіруге жұмылдырылған күштерді үйлестіруге облыс басшылығы шыққан.
Қазіргі кезде өрт сөндіруге 244 адам және 50 бірлік техника тартылған. Оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлерінен 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль, Қазавиаақорғаудың 1 тікұшағы және 6 қызметкері жұмыс істеуде. Сондай-ақ, ТЖД жеке құрамының 84 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылған.
Қарзіргі кезде өрт оқшауланды. Елдімекендерге қауіп жоқ,
Сәуір айында Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Семей Орманы» табиғи резерваты филиалының аумағында орман өрті шыққан.
Еске сала кетсек, 2023 жылы 8 маусымда «Семей орманы» МОТР» РММ аумағында үлкен өрт шығып, оны өз күштерімен сөндірмек болған 14 орманшы опат болған еді. Семей орманы» резерватында болған өртке екі адам кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.