Қазақстаннан шетелге өткен 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакция тексеріліп жатыр

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
заңсыз актив
1,7 трлн теңге қайтарылды Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

2022 жылдан бері мемлекет меншігіне жалпы сомасы 1,7 триллион теңге тең заңсыз актив қайтарылған. Соның ішінде шетелден 750 миллион доллар шетелден қайтарылса, 325 миллиард теңгеден астам активті мемлекетке қайтару туралы талап-арыз дайындалған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

«Қазіргі уақытта Бас прокуратура елдегі 1 мың және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектісі туралы мәліметтерді талдап жатыр. Талдаумен тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары қамтылған. Елімізде 200-ден астам және шетелде 140 банк шоттары анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакция тексерілуде», – делінген хабарлама.

Бас прокуратура мәліметінше комиссия 325 млрд теңгенің активтерін мемлекетке қайтару туралы келісімдер мен талапты мақұлдаған. Соның ішінде 272 млрд теңгесі – ақшалай қаражат. Олар маңызды әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

Сондай-ақ еліміздегі және шетелдегі құны 50 млрд теңгеден асатын актив мемлекет меншігіне өткен. берілді. Олардың қатарында стратегиялық кен орындары, монополист компаниялар, ондаған мың гектар жер, сондай-ақ өндіріс объектілері, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, сәнді көліктер, зергерлік бұйымдар және тағы басқасы бар.

Бұдан бөлек комиссия тізіміндегілер жалпы құны 30 млрд теңгені құрайтын жоғары технологиялық инвестжобаларды жүзеге асыруға міндеттеме алған. Олардың ішінде құбырлар, қаптамалар, химиялық, азық-түлік және т.б. өнімдерді шығаратын өндіріс объектілері. Осылайша, кемінде 300 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, жылдық салық төлемдері 1 млрд теңгеден асуы тиіс.

Жалпы, 2022 жылдан бастап экономиканы демонополизациялау шараларын қоса алғанда жалпы сомасы шамамен 1,7 трлн теңгенің активтері, оның ішінде шетелден 750 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылған.

Президент 2023 жылдың 12 шілдесінде «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға қол қойды. 12 қазанда Президенттің активтерді қайтару жөніндегі комитет құру туралы жарлығы күшіне енді. ҚР Бас прокуратурасының жанынан құрылған «Активтерді қайтару жөніндегі комитет» жұмысын ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүргізеді

2024 жыл басынан комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңгеден аса заңсыз актив қайтарылған.

Сондай-ақ оқыңыз