Алматы әкімдігі: 2024 жылы қала экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде болады
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Алматыда орташа айлық жалақы 454 мың теңгені құрады (республика бойынша – 382 мың теңге). Номиналды мәнде жалақы 16,4%-ға, нақты мәнде 6%-ға өсті. Бұл жайында қалалық экономика басқармасы хабарлады.
Сәуір айында жылдық инфляция наурыз айындағымен салыстырғанда 9,7%-дан 9,1%-ға дейін баяулады. Басқарма есебінше биыл жылдық инфляция одан әрі 7-8%-ға дейін баяулауы мүмкін.
«Жыл басынан бері 19,5 мың жұмыс орны құрылды (биылғы жоспар – 87 мың), оның 61% – ы тұрақты. Бұл ретте қабылданып жатқан шаралардың арқасында жұмыссыздық деңгейі – биылғы жылдың бірінші тоқсанында 4,7% -ға дейін төмендейді», – делінген әкімдік ақпаратында.
Қалалық экономика басқармасы 2024 жылы ірі мегаполис экономикасының өсуі 5,5% деңгейінде болады деп болжайды.
Осы жылдың 4 айында көлік (+17,5%), құрылыс (+5,7%) және байланыс (+4,4%) салалары қала экономикасының драйверлері болды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 4,8%-ға (390 млрд теңгеге дейін), оның ішінде жеке инвестициялар 5,8% -ға (360 млрд теңгеге дейін) өсті.
6-12 маусым аралығында велоспорттан континенттік біріншілік өткізілетін жерлерде жолдарда қозғалыс ішінара жабылады.
Алматы халықаралық әуежайына жаңа президент тағайындалды.