Алматы әкімдігі сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жариялады

Жарияланды (жаңартылды )
сатып алуға ұсынылмайтын
Тізімде сатып алуға ұсынылмайтын 45 тұрғын үй кешені бар / Фото: kursiv.media

Алматы әкімдігі қаладан сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің (ТҮК) тізімін жариялады. Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, қазіргі таңда бұл тізімде 45 тұрғын үй кешені бар.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тізімге жаңа құрылыстар енген. Бұл кешендердің рұқсат құжаты толық болмаған және жобадан ауытқыған.

«Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаты жоқ нысандар да кірді. Басқарманың ақпаратынша, осындай ТҮК бойынша ұсыныстар интернет ресурстардың мониторингі нәтижесінде анықталады»,- делінген баспасөз хабарламасында.

Сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі төмендегідей:

Алатау ауданында 3 тұрғын үй кешені бар. Олар:

  1. Дархан шағын ауданындағы «Питтсбург» тұрғын үй кешені;
  2. Теректі шағын ауданындағы ORDA CITY тұрғын үй кешені;
  3. Мәдениет шағын ауданындағы Dostar Deluxe кешені.

Алмалы ауданындағы:

  • Қарасай батыр көшесі, 183/19 мекенжайындағы Auezov Apartaments ТҮК,
  • Аносов көшесі 103 Б көшесіндегі Tole BI Residence ТҮК.

Наурызбай ауданы

  • Apple Park тұрғын үй кешені.
  • «Қарғалы» шағын ауданы, Қали Нәдіров көшесіндегі «Люксембург» тұрғын үй кешені.
  • «Мұнартау» тұрғын үй кешені.
  • Қарағайлы шағын ауданы, 2-ші бөлімшесіндегі Таунхаус.
  • Қарағайлы шағын ауданы, АХХ Чапаеводағы Sofia Village коттедж қалашығы.
  • Тастыбұлақ шағын ауданы, Таутаған көшесіндегі Flora тұрғын үй кешені.
  • Lantana ТҮК, Үлкен Алматы ауылдық округі
  • «Француз үйі» ТҮК, Қарағайлы шағын ауданы, АХХ Чапаево, 426 учаскесі.
  • КПТҮ Кенесары хан көшесі, 98-уч.
  • Қарағайлы шағын ауданы, Құралай көшесі, 37-үй мекенжайы бойынша блокталған үй
  • Royal Тime ТҮК, Кенесары хан көшесі, 145

Бостандық ауданы

  1. «Бағанашыл» КПТҮ Мамыр бау-бақша серіктестігі, 138/2, 138/3, 138/4, 138/5 уч.
  2. «Швейцария» ТҮК, Нұрлытау ш/а., уч. 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22
  3. «Rich» клуб үйі, Мирас ш/а., 24/1, 24/2
  4. Graff ТҮК, Ремизовка ш/а, 7-көше,71,73, 75-уч.
  5. Ерменсай шағын ауданы, Жәңгір хан көшесі, 46 мекенжайы бойынша КПТҮ
  6. Pine Hills клуб үйі, Ерменсай шағын ауданы, 7-көше, 8/1 уч.
  7. Клуб үйі: Нұр-Алатау шағын ауданы, Қ.Тауасарұлы көшесі, үй. 71/21
  8. Асқартау шағын ауданы, Жансая көшесі, 17б мекенжайындағы блокталған үй
  9. EVIM NOVO ТҮК, Қарғалы шағын ауданы, Кенесары хан көшесі, 85/3 үй
  10. «Баракат» ТҮК, «Нұр-Алатау» ш/а, Қ.Тауасарұлы к-сі, 71/5, 71/6 уч.
  11. Таунхаус мекенжайы: Ерменсай шағын ауданы, Жәңгір хан көшесі, 39, 41
  12. Клуб үйі: «Нұр-Алатау» ш/а., Баязитова к-сі, 13-уч.
  13. Клуб үйі: әл-Фараби даңғылы, 128/3 уч.
  14. Montblanc ТҮК, Ерменсай ш/а., 7-тұйық көше, 8-учаске

Медеу ауданы

  • Sky Club House клуб үйі, Фонвизин көшесі, 28
  • Priority клуб үйі, Жамақаев көшесі, 194
  • ТҮК: Достық даңғылы 170/1
  • Maison клуб үйі, Шашкин көшесі, 42/1
  • Demeu Residence клуб үйі, Таулы Қырат, уч. 192
  • Pine Hill Residence клуб үйі, ул. 2, уч. 33
  • Alma Garden клуб үйі, 6-көше, 7-уч., 9
  • Chelsea Club House клуб үйі, Сызғанов көшесі, 27
  • Domino Life ТҮК, Жамақаев көшесі, 308
  • Monterosa КПТҮ, Оспанов к-сі, 83/26 уч.
  • Таунхаус: 3-көше, 12-үй
  • Таунхаус: Оспанов көшесі, 89/10
  • КПТҮ: Нұрмағамбетов көшесі, 374/1 18.
  • Damac House клуб үйі, Оспанов көшесі, 54
  • Compositor клуб үйі, Жамақаев көшесі, 210
Сондай-ақ оқыңыз