Наурыз бен сәуірде қымбаттаған қант бағасы мамырда өзгермеген

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қант бағасы жылдық мәнде төмендеген / Архив: kursiv.media

Мамыр айының соңындағы дерек бойынша, қант бағасы,(+0,1%) айлық мәнде өзгеріссіз қалды, ал жылдық көрсеткішке сүйенсек өнім 4,6%-ға арзандаған. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.

«Наурыз және сәуір айларында бағалар ай сайын өсті. Бірақ жыл басынан бергі кезеңдегі орташа көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға төмен», – деп хабарлады Бюро.

Оның үстіне жыл басында Қазақстан бойынша қант саудасының көлемі төмендеген. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2 есе құлдыраған. Ал шетелге экспорт 3 айда 33 мың тоннаны құрады. Тұтастай алғанда мұндай экспорт соңғы жылдары тіркелмеген.

Наурыз айында елімізде 276 тонна тазартылған қант пен химиялық таза сахароза өндірілді. Бірінші кредитік бюро мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 56 есе немесе 98,2%-ға төмен.

Қаңтар мен ақпан айында да қант өндірісінің көрсеткіші 7,5 мың тоннаға дейін, яғни 89%-ға құлдырады.

Бірақ импорт ресми түрде бір жылмен салыстырғанда 2,6%-ға ғана өсіп, 96,6 мың тоннаны құрады. Зауыттар Ресейден келетін өнімнің тым көптігіне шағымдануда. Былтырдан бастап Қазақстан кәсіпорындары нарықтағы қысымды сезіне бастады.
Ресей жақында қант экспортына шектеу енгізген болатын. Десе де Қазақстан үшін 120 мың тонна қантқа квота бөлген.

Ал күні кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан 2024 жылдың 31 тамызына дейін қантты шетелге экспорттауға тыйым салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Ашық НҚА порталындағы ақпаратқа сүйенсеу, қазіргі қор 2,5-3 айға жетеді.

Осылайша Қазақстан Ресейден кейін қант экспортына тыйым салуды көздеп отыр. 4 мамырда Ресей үкіметі қант экспортына 2024 жылдың 31 тамызына дейін уақытша тыйым салды. Жарлықта ЕАЭО елдеріне қатысты бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Осылайша Қазақстан үшін 120 мың тонна қант квотасы қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз