Қытай билігі шетелге ескі көлік экспортын арттырады: бұған қазақстандық автонарық дайын ба?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Қазақстанда сатылған 10 ең танымал брендтің жетеуі Қытайда шығарылған / Архив: kursiv.media

Бүгінде Қытай автонарығы тұралап тұр. Сондықтан Аспан асты елі билігі ішкі нарықта көлік саудасын ынталандыру, жаңа көліктер саудасын арттыру үшін ескі автолар экспортын арттырады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан KURSIV/AUTO 2024 форумында Автокөлік нарығын мониторингтеу және талдау агенттігінің басшысы Артур Мискарян айтты.

«Бүгінде Қытай автонарығында темір тұлпар саудасы тұралап тұр. Сондықтан Аспан асты елінің үкіметі «ішкі нарықта жаңа көліктер саудасын арттыру үшін не істеу керек?» деген мәселені көтереді. Осы мақсатта ҚХР билігі шетелге ескі автокөліктер экспортын арттыруды барынша қолдайтыны анық. Бұған Қазақстан нарығындағы ойыншылар мен Қазақстан нарығындағы реттеуші дайын болуы керек», – деді Артур Мискарян.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда сатылған 10 ең танымал брендтің жетеуі Қытайда шығарылған. Өткен жылы қытайлық автобрендтер қазақстандық нарықтағы үлесін екі есе арттырды. Бір жылда 40 мыңнан астам көлік сатқан (жалпы ресми сатылым 200 мың, бұл отандық авторетейл тарихындағы ең үздік көрсеткіш). Қазақстанда ең көп сатылатын қытайлық автобрендтер – Chery, Haval және Jac.

Қытай көліктерінің америкалық және еуропалық нарықтарда кеңеюі осы елдердің үкіметтері арасында алаңдаушылық туғызуда. Бұл автолардың жылдам таралуы және Қытайдың осы нарықтағы үстемдігі әрі қауіп ретінде қарастырылады. Осыған байланысты АҚШ пен Еуропалық Одақ шектеу шараларын белгілеуде.

Қазақстанда екінші ай қатарынан автокөлік сатылымы төмендеп келеді. Бұған 2024 жылдың 1 сәуірінен енгізілген борыштық жүктеме коэффиценті әсер етті.  

Сондай-ақ оқыңыз