Үкімет қазақстандық компанияның неге АҚШ санкциясына ұшырағанын анықтап жатыр

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстандық компания неге санция астында қалғанын анықтаған. Фото: kursiv.media, бильд-редактор Аружан Махсотова

Мемлекеттік органдар қазақстандық «KБР-Технологии» компаниясы неге АҚШ санкциясына ұшырағанын анықтап жатыр. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринның айтуынша, компания экспорт немесе импорт лицензиясын алуға өтініш бермеген.

Жұманғарин Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларды қолдамайтынын, алайда бұл мемлекет үшін экономикалық тиімді болғандықтан, оны орындауға мәжбүр екенін айтып өтті. Вице-премьердің айтуынша, мемлекет экспорттық-импорттық бақылауға жататын тауарлардың тізімін кеңейткен. Сөз әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлар туралы болып отыр.

«[Санкцияға ұшыраған] компания кеңейтілген тізімнен тауар жеткізбеді. Оның не жеткізгенін және заң бұзу фактісі қалай тіркелгенін анықтайтын боламыз», – деді вице-премьер.

Сонымен қатар аталмыш компания экспорт немесе импорт лицензиясын алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінбегенін айтып өтті.

Келесі аптада Еуропа Одағының санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Қазақстанға тағы келеді. Серік Жұманғарин онымен кездесіп, қазақстандық компанияның неліктен санкцияға ұшырағанын талқыламақ.

Ресейге тыйым салынған тауар тасыған қазақстандық компания АҚШ санкциясына ұшырағаны белгілі болды.

АҚШ Ресейдің санкцияларды айналып өтуіне көмектескен 300 жеке тұлға мен компанияға қарсы санкция салды. АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, компания Fabcenter, Ostec-Arttool Ltd, Ostec-SMT Ltd және Ostec-Integra Ltd компанияларына өнім жеткізіп отырған.

«КБР-Технологии» компаниясын 2022 жылы Петропавл қаласында ресейлік Евгений Костюк ашқан. Ол ресейлік Ostec Group компаниясында жұмыс істеген. Бұл компания ресейлік әскери-өнеркәсіп кешенін жабдықтармен қамтамасыз етіп отыр.

Құжатта Ресей әскери техникасын қолдау және соғысты жалғастыруға қажет ресурстарды жеткізу үшін күрделі трансұлттық жеткізу тізбегін қолданатыны атап өтілген.

Аталмыш компания – 2024 жылдың ақпанында Власть басылымының қатысуымен жарияланған зерттеудің бас кейіпкерлерінің бірі. Онда журналистер қазақстандық компанияның Еуропадан жоғары технологиялық құрал-жабдықтарға тапсырыс беріп, Беларуське уақытша сақтау үшін жеткізіп, артынан ресейлік әскери мердігерлерге жеткізгенін анықтады. Бұл схема бойынша олар 5,9 млн доллар болатын санкцияға ұшыраған тауар алған.

Биыл мамыр компания иесін ауыстырды. Оны 2022 жылдан бері басқарған Жанат Ибраевтың орнына оның жаңа басшысы болып Диас Тұғынбаев тағайындалған. Биыл компания 58,4 миллион теңге салық төлеген. Egov сервисінде компанияның жалғыз құрылтайшысы Диас Тұғынбаев деп көрсетілген.

Сондай-ақ оқыңыз