Зеленский Ресеймен «ертең-ақ» келіссөзге келуге дайын

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Зеленский Ресеймен «ертең-ақ» келіссөзге келуге дайын / kursiv.media

Ресей әскері Украинаның түкпір-түкпірінен кетсе, Киев ертең-ақ Мәскеумен бейбіт келіссөздер жүргізуге дайын. Бұл туралы Швейцариядағы бейбітшілік саммитінде Украина президенті Владимир Зеленский айтты.

«Ресей президенті Владимир Путин соғысты тоқтатпайды және әскери немесе дипломатиялық жолмен болсын, «кез келген жолмен» тоқтатылуы керек», – деп мәлімдеді Зеленский бейбітшілік саммитінің жабылу рәсімінде.

BBC ақпаратына сүйенсек, Украина президенті батыс елдерінің көмегі соғыста жеңіске жету үшін жеткіліксіз екенін атап өтті. Алайда саммит барысында елге халықаралық қолдаудың тұрақты сақталатыны белгілі болды. Саммитке келген елдер Украинаның аумақтық тұтастығы үшін жұмыс істеуге дайын екендірін білдірді.

Қорытынды құжат қабылданып, онда Ресейге соғыс кезінде «халықты жаппай азаптап, қалаларды мен ауылдарды қиратты» деген айып тағылатыны жазылды. Алайда саммитке қатысқан бірнеше ел, соның ішінде Үндістан, Оңтүстік Африка және Сауд Арабиясы құжатқа қол қоймады. 

Саммит Украинадағы соғысты тоқтатуға көмектесетін процесті мүмкіндігінше жылдам жасауға арналды. Кездесуге 90-нан астам ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесуге Ресей шақырылмай, оның ең ауқымды серіктесі Қытай қатысудан бас тартқан.

«Бұл саммит (Украинаны – ред.) халықаралық қолдау әлсіремейтінін көрсетеді. Ресей бүгін біздің елден әскерін шығарса, келіссөздер «ертең-ақ» бастай аламыз», – деді Зеленский.

Сонымен қатар Украина президенті Қытайдың Украинаға «жау» емес екендігін атап өтті.

«Қытайды және оның аумақтық тұтастығын құрметтейміз, Қытайдың бізге қатысты саясаты да сондай болғанын қалаймыз», – деді Зеленский.

Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөз жүргізу шарттарын атады. Атыс тоқтауы үшін Украина НАТО мүшелігіне өтуден бас тартуы керек және Ресей окупациясындағы жерлерден әскерін алып кетуі керектігін айтты.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей Украина жеріне басып кірді. Соның алдында ғана Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы жікшіл Донецк пен Луганск республикаларын «тәуелсіз ел» деп мойындаған болатын. Артынша орыс әскері Донбасста әскери операция бастағанын мәлімдеді. Путин көрші елге жасалған агрессияны соғыс емес – демилитаризациялау үшін жасалған арнайы операция деп атады.

Сондай-ақ оқыңыз