Цифрлық даму министрі Павел Дуровты Қазақстанға шақырды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Цифрлық даму министрі Павел Дуровты Қазақстанға шақырды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсіп министрі Жаслан Мәдиев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты Қазақстанға шақырды. Бұл туралы министр Үкімет баспасөз алаңында айтты.

«Дуровтың Ыстықкөлге барғанын білемін. Оның командасымен жеке таныспын. Павел Дуровпен танысып үлгермедім, алайда оны Қазақстанға командасы арқылы шақырдым. Болашақта Қазақстанға келеді деп ойлаймын. Бұған күш саламын. Бірлескен жұмыстар атқарып, көп нәрсе талқылаймыз», – деді министр Үкіметте өткен брифингте.

Министр Telegram компаниясының технологиялық алып екенін атап өтті.

«Жақында блокчейн технологиялары, криптоиндустрия компанияларымен интеграциялау бойынша бірқатар бастамалар жариялады. Блокчейн саласындағы қосымшаларға арналған платформаны іске қосады. Жоғары технологиялық жобаларды талқылауға болады деп ойлаймын», – деп толықтырды Мәдиев.

2021 жылдың басында желіні 500 миллион адам қолданатын. Дуровтың айтуынша, компанияның кірісі «жүздеген миллион долларды» құрайды. Алайда ол нақты сандарды айтпады. Негізгі кіріс көздері – жарнама және ақылы жазылымдар. 

Еске сала кетсек, 2,9 млрд қолданушысы бар әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі — Facebook. Одан кейін 2,5 млрд және 2 млрд қолданушылары бар Youtube және WhatsApp. Үздік бестікке Instagram (1,4 млр пайдаланушы) және WeChat (1,3 млрд пайдаланушы) кірді. Сондай-ақ TikTok, Facebook Messenger, Telegram, қытайлық Douyin, Kuaishou, Sina Weibo және басқалары ең танымалдардың тізімінде. 

Сондай-ақ оқыңыз