«Самұрық-Энерго» қуаттың орнына қарыз өндіріп отыр ма?
«Самұрық-Энерго» компаниясы («Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымы) аудиттелмеген есебіне сәйкес, бірінші тоқсанда 4,6 млрд теңге шығынға ұшырады. 2023 жылдың дәл осы кезеңінде компания 24,9 млрд теңге пайда тапқан.
«Самұрық-Энерго» жалпы активтері 2023 жылғы 31 желтоқсанда 662,5 млрд теңге болған. Ал 2024 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша көрсеткіш 657,1 млрд теңгеге дейін азайды.
Есепте 2023 жылдың 30 маусымында ұлттық компания Еуразиялық даму банкінен 2034 жылдың 31 қазанында өтеу мерзімімен 6,6 млрд теңге несие алғаны жазылған. Несие 2026 жылдың 31 қазанына дейін жылдық 11,5%-бен берілген. Сонымен қатар Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі бойынша (3 маусымнан бастап жылдық 14,5% құрайды) 2026 жылғы 1 қарашадан бастап жылдық 2,25% маржамен алынды.
Сонымен қатар, 16 ақпанда «Самұрық-Энерго» көмір өндіруші еншілес кәсіпорны «Богатырь Көмір» компаниясына 1,5 млрд теңге төледі. Ошл бұрын алынған несиелер бойынша қарыздың негізгі сомасын және олар бойынша 323,8 млн теңге сыйақыны ішінара өтеуді көздейді.
«Самұрық-Энерго» 2022 жылы 12 ай мерзімге «Богатырь Көмірден» жалпы сомасы 12,5 млрд теңге несие алды. 2023 жылғы қарашада жылдық сыйақы мөлшерлемесін 3%-ға арттыру арқылы несие беру мерзімі бір жылға ұзартылды.
Осы ретте есепте «Самұрық-Энерго» жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» қорына 20,57 млрд теңге дивиденд төлегені жазылған. Компания жалпы сомасы 59,7 млрд теңгеге 635 500 қарапайым акцияны орналастырды. Қаражат «Самұрық-Қазынадан» еліміздің шығысындағы екі су электр станциясының: Шүлбі СЭС-і мен Өскемен СЭС-інің 100 пайыздық үлесін сатып алуға жұмсалды. Соңғысының сметалық құны сәйкесінше 36,2 және 23,5 млрд теңгені құрайды.
Ресейлік компания Қазақстанның үш қаласында ЖЭО салатыны туралы екі ел арасында үкіметаралық келісімге қол қойылды. Жобаны қаржыландыру үшін «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамына үлестес жобалық-қарыз алушы компания мен ресейлік қаржыландыру ұйымдары арасында жеке келісім жасалады.
«Самұрық-Энерго» құрылымына 23 компания кіреді. Оның негізгі активтері Павлодар, Түркістан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында орналасқан.