Тараздағы металлургия зауытының аумағында өрт шықты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Тараздағы металлургия зауытының аумағында өрт шықты / Фото: ТЖМ

21 маусым түнгі уақытта Тараз қаласы металлургия зауытының аумағында өрт шықты. Өрт сөндірушілер таңға жуық өртті толық сөндірді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 21 маусым түнде Тараз қаласындағы металлургия зауытының аумағында жоғары вольтты трансформатор отқа оранған.

«Өртті сөндіру трансформатордың ыдыстарында 60 тонна майдың болуымен қиындады. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында жақын маңдағы трансформаторлар мен зауыт ғимаратына оттың таралуына жол берілмеді», – делінген хабарламада. 

80 ш.м. алаңға жайылған өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ. Министрлік өрттің себебін анықтайтын болады.

Сәуір айында Семейдегі Qazaq Astyq Group зауытының ашық аумағында күнбағыс шемішкесінің қабықтары өртенді. Жалын шарпыған аумақты сөндіруге 70-ке жуық адам мен бір өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Өрттің ауданы анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз