Италияда тарихи ғимаратты бүлдірген қазақстандық қамаудан босатылды

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Италияда ғимаратты бүлдірген қазақстандық қамаудан босады / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Артур Алескеров

Италияның Помпей қаласында тарихи ғимаратқа өз атын жазғаны үшін қамауға алынған Қазақстан азаматы босатылды. Бұл туралы «Курсивке» Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Біздің азамат Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдары барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ол босатылды. Осы оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізілетін болады», – деді Смадияров.

23 маусымда Италияның Помпей қаласында бұзақылық жасаған қазақстандық турист ұсталған. Ол Помпей археологиялық паркінде орналасқан Цей үйінің сыртына «ALI» деп атын жазып кеткен. Сәулет ескерткішін бүлдіргені үшін ҚР азаматы залал шығынын өтейді.

Италиядағы көне қаланың бірі – Помпейдің даңқы дүние жүзіне аян. Біздің заманымыздың 70-шы жылында жанартау атқылап, содан шаһардың тыныс-тіршілігі тоқтаған. Бірақ  кейбір ғимараттары сақталынып қалған. Цей үйі – соңғы саманит кезеңіне тән ежелгі баспананың бірі. Бұл үйге магистрат Луций Цей Секунд иелік еткен.

21 маусымда кешке Грекияның Идра аралында 13 турист жалдамалы яхтада отшашу атқан. Грекияда отшашулар атып, орман өртіне себепкер болып ұсталғандар қатарында Қазақстан азаматтары болмаған. Салдарынан қарағайлы орман өртке оранған. Туристер өртті сөндіруге тырысып, кейіннен оқиға орнынан қашып кеткен. Арал мэрі Джоргос Кукулакис оларды сотқа беретінін айтты. Полиция туристерді ұстап, кейін грекиялық БАҚ олардың Қазақстанға қатысы бар азаматтар екенін жазған.

Сондай-ақ оқыңыз