Биыл елорда күнінде тағы да дрондар шоуы өтеді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады / Фото: Астана қаласының әкімдігі

Биыл Астана күніне орай елорда аспанында тағы да дрондар шоуы көрсетіледі. Оған бюджет қаржысы жұмсалмайды, шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, елорда күнін атап өту үшін 100-ге жуық түрлі іс-шара жоспарланған.

«Оның ішінде қаланың тұрғын алаптары да назардан тыс қалған жоқ. Іс-шаралардың басым бөлігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін. Сонымен қатар 6 шілде – Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады»,  – делінген хабарламада.

26 маусымнан 4 шілдеге дейін аппаратураның техникалық жай-күйі мен қабілетін тексеру үшін техникалық ұшулар орындалады. Көріністі елорда тұрғындары мен қонақтары 6 шілде күні ЭКСПО аумағында көре алады. Нақты уақыты кейінірек жарияланады.

Еске салсақ, өткен жылы Астананың 25 жылдығына орай дрон-шоу өткен болатын. Түнгі аспанға ұшырылған 500 дрон елорданың көрнекті нысандарын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз