Головкин Қазақстан Олимпиада комитеті басшылығына қалай келгенін айтты

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
головкин
Головкин Олимпиада комитеті басшылығына қалай келгенін айтты / Фото: olympic.kz, бильд-редактор: Артур Алескеров

Боксшы және Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин BoxingScene басылымына берген сұхбатында Ұлттық олимпиада комитетіне басшылыққа қалай келгені туралы айтты.

Головкин: «Мәселе менің өз қызметімді ұсынған жоқпын. Олар да маған тікелей хабарласқан жоқ. Бұл жай ғана оқиғалар тізбегі болды. Күн сайын жаттығуды тоқтатқаным және бос уақытым пайда болғаны әсер етті», – деген басылым сұрағына жауапта. 

Головкин өзінің спорт жанкүйері екенін және ҰОК басшысы лауазымы — Қазақстанда спорттың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігі екенін түсіндіріп өтті.

«Мен спортшы ретінде спортшыларды қолдаймын. Бюрократ емеспін, саясаткер емеспін. Ұлттық олимпиада комитетінің президентіне сайланған кезде мен оған қатысуға келістім, сондықтан мені сайлады», — деді ол.

26 ақпанда елордада ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысы өткен. Жиын барысында кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып сайланды. Бұған дейін аталған қызметті Тимур Құлыбаев атқарып келген.  34 қатысушы Геннадий Головкиннің кандидатурасын қолдап, екеуі қалыс қалған.

2024 жылдың қаңтар айының ортасында депутат Ермұрат Бапи Премьер-министрден Ұлттық Олимпиада комитетіне тексеру жүргізіп, Тимур Құлыбаев пен оның «олигарх достарын» шығаруды талап етті. 

Депутат комитеттегі «бұрынғы Қазақстан» өкілдері қазақ спортшыларының жетістіктеріне жағымсыз әсер ететінін айтты. Былтыр Қазақстан спорт саласын жемқорлық жайлаған елдердің ондығына енді.

Сондай-ақ оқыңыз