2040 жылға қарай Алматы, Астана және Шымкенттегі электромобильдердің жалпы үлесін 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр

Жарияланды 2 Шілде 2024 16:01

(жаңартылды 2 Шілде 2024 16:25)
post.authors.0.name

Құралай Құдайберген

No Position Available No Email Available

Электромобильдердің жалпы үлесін арттыру: жоспар жүзеге аса ма? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

ҚР «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2024 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы жүзеге асыру бойынша әзірлеген іс-шаралар жоспарының жобасына өзгеріс енгізілді. Құжатқа сүйенсек, 2040 жылға қарай Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы көліктердің кем дегенде 70% үлесін электромобильдерге көшіру жоспарланған.

«Қалалық азаматтық көлікті электрге ауыстыру көзделген. Басым қалалар – Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, онда 2040 жылға дейін барлық автопарктің кемінде 70% -ы ауыстырылуға тиіс», – деп жазылған құжатта.

Бұған облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері жауапты деп көрсетілген.

Бұл ретте Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, Көлік министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі көліктің барлық түрлері үшін шығарындылардың шекті мөлшерін кезең-кезеңімен қатаңдатуға жауапты болу керек. Мұндай шаралар негізінен жанармаймен жүретін көліктерден тұратын елдің автокөлігіне әсер ететіні анық. Алайда мұның нақты талаптары әлі жарияланған жоқ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда 5,09 млн автокөлік тіркелген. Оның 4,47 млн-ы немесе 88%-ы  – жеңіл авто, 507,5 мыңы немесе 10%-ы –жүк көлігі, 105,5 мың немесе 2%-ы  – автобустар. Халық мініп жүрген көліктердің шығарылған уақытына келсек, 47%-ның тізгінделгеніне 10 жылдан асып кеткен.

3 жылға дейінгі, яғни жаңа көліктердің саны 6%-дан аспайды. 87,5%-ы бензинмен, 8%-ы аралас отынмен, 2%-ы дизельмен жүреді. Ал электрокөліктер 0,1% ғана .

Жоспар жобасында 2030 жылға дейін велосипед және қоғамдық көлік инфрақұрылымын кеңейту қарастырылған. Бұл өзгерістің негізгі мақсаты – жеке көліктерден қоғамдық көлікке көшуді ынталандыру. Осы арқылы көлікті жалға беру саласын дамытпақ. Барлық облыстар мен үш ірі қалада жалға беру пунктерін құру жоспарлануда.

Үкімет сонымен қатар электр көліктерін зарядтау станцияларының ұлттық стандартын әзірлеуде. Ал сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ережелерге құзырлы органдар өзгерістер енгізбек. Бұл автотұрақтарда орналасқан электр зарядтау станцияларына қойылатын талаптарға қатысты. Түзетулер бір тұрақта бірнеше электромобильді бір уақытта зарядтауға мүмкіндік береді. Ал тұрғын үй кешендерінде шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін автотұрақтағы электр көліктерінің максималды санын анықтау ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз