Қазақстанда БАД өнімдері мен косметиканы жарнамалау ережелері бекітілді
Жарияланды
Денсаулық сақтау министрлігі биологиялық белсенді қоспалар, балаларға арналған тағамдар мен киімдер және косметикалық заттарды жарнамалау қағидаларын бекітті.
Министр бұйрығы мемлекеттік тіркеуге міндетті өнімнің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауы мен қадағалауындағы жарнаманы жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуге міндетті жекелеген өнімнің жарнамасын жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындайды.
Ереже қандай өнімдерге қатысты?
- Балалар тағамы, оның ішінде балалар тағамына арналған ауызсу;
- Диеталық емдік және диеталық профилактикалық өнімдер;
- Биологиялық белсенді қоспалар (БАД – ред.);
- Теріні ағартуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
- Татуировкаға арналған косметика;
- Интимдік косметика;
- Зиянды өндірістік факторлардың әсерінен теріні жеке қорғаудың парфюмерлік-косметикалық өнімдері;
- Балалар косметикасы;
- Шашты химиялық бояуға және ағартуға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
- Шашты бұйралауға және тіктеуге арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
- Құрамында наноматериалдар бар парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
- Депиляцияға арналған парфюмерлік-косметикалық өнімдер;
- Пиллинг;
- Дезинфекциялау құралдары;
- тұрмыстық химия өнімдері, лак-бояу материалдары;
- шаруашылық-ауызсумен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған құралдар;
- Ересектерге арналған жеке күтім заттары;
- Сүт емізіктері;
- Бір рет қолданылатын санитариялық-гигиеналық бұйымдар;
- Пластмассадан, шыныдан, металдан жасалған ыдыс-аяқ пен ас құралдары;
- Ток көздерімен жұмыс істейтін тіс щеткалары;
- 3 жасқа дейінгі балаларға арналған трикотаж және тоқыма материалдарынан жасалған шұлық, іш киім және шомылу киімі;
Жарнамаға қойылатын талаптар:
- ҚР аумағындағы жарнама қазақ тілінде, ал жарнама берушінің қалауы бойынша орыс немесе басқа да тілдерде таратылады;
- Мәтіндік жарнама оңай оқылуы, анық және түсінікті қаріппен басып шығарылуы керек; аудио жарнама анық аудио сүйемелдеуімен орналастырылуы керек; бейне жарнама анық дыбыстық және бейне сүйемелдеуімен орналастырылуы керек;
- Тұтынушыларды тауардың сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне қатысты адастырмау;
- Өнімнің (тауардың) сауда атауын және өндірушінің атауын қамтуға;
- Өнімнің мақсатын айқын көрсету;
- Өнім қай санаттағы адамдарға арналғанын көрсету;
- Жанама әсерлермен танысу туралы нұсқау;
- Мемлекеттік тіркеудің болуы туралы ақпарат.
Тыйым салынған:
- ҚР заңнамасымен өндіруге және (немесе) сатуға тыйым салынған өнімдерді (тауарларды) жарнамалау;
- мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі жоқ өнімді (тауарларды) жарнамалау;
- жарнамадағы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ұсынымдарына сілтемелер, олар өз атақ-даңқының салдарынан өнімді (тауарларды) қолдануды және (немесе) тағайындауды көтермелеуі мүмкін.
- Министрлік бұйрығында өнімнің жекелеген түрлері үшін қосымша талаптар белгіленетіні жазылған.