Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдіктерді қорғау мақсатында Қытайдың интелектуалды дрондарын сатып алмақшы

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында екі меморандумға қол қойды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстан қытайлық Suzhou Eavision Robotic Technologies Co компаниясынан интелектуалды дрондар сатып алмақшы. Бұл технологиялық өндірісті шаруалар ауыл шаруашылығы бағытындағы өсімдіктерді қорғау мақсатында пайдаланбақшы. Қазақстан билігі Қытайдың ет қауымдастығымен де ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында екі меморандумға қол қойды. Соның бірі Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қытайлық Eavision компаниясы арасындағы техникалық ынтымақтастық меморандумы.

«Бұл жоғары технологиялық өндіріс кәсіпорны интеллектуалды ұшқышсыз ұшу аппараттарын және күрделі сыртқы орталарға жарамды интеллектуалды роботтарды әзірлеуге және өндіруге арналған. Eavision интеллектуалды машиналары, жабдықтары мен бағдарламалық қамтамасыз етулері көптеген салада, соның ішінде ауыл шаруашылығында қолданылады», – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Қазақстан билігі Қытай ет қауымдастығымен техникалық алмасу және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Екі мемлекет өнім сапасын жақсарту және тауар айналымын арттыру үшін ет өнеркәсібіндегі технологиялармен алмасуды көздеп отыр.

«Қытай ет қауымдастығы – құрамына ет өнеркәсібі кәсіпорындары, мемлекеттік мекемелер, ҚХР қоғамдық ұйымдары кіретін ұлттық қоғамдық ұйым», – делінген ведомство хабарламасында.

Қауымдастыққа мүше болу ет өнеркәсібінің барлық тізбегін қамтиды: мал шаруашылығы, сою, ет өңдеу, ет тоңазытқыш тізбегінің логистикасы, ет импорты мен экспорты, ет өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар кіреді. Бұдан бөлек, ет және ет өнімдерінің ингредиенттері, ет және ет өнімдеріне арналған қаптама материалдары, сондай-ақ институттар мен колледждер, провинциялық және муниципалдық тамақ компаниялары бар.

Айта кетейік, осыған дейін «Самұрық-Энерго» қытайлық компаниямен Қазақстандағы алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын салатыны жайлы хабарған едік. «Самұрық-Энерго» Қазақстанда алғашқы гидроаккумуляциялық электр станциясын (ГАЭС) салу туралы келісімге қол қойды. ГАЭС-ті қытайлық China International Water & Electric Corporation компаниясымен бірлесіп салады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Ақордада ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келісссөз жүргізу барысында Қазақстанның Қытайға жылына 2 млн тонна астық жеткізуге дайын екенін жеткізді. Әсіресе, ет өнімдерін, майлы және дәнді-дақылдар эскпортын ұлғайтуға мүдделі. 

Ал ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның БРИКС ынтымақтастық механизміне қосылуын қолдайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз