Азия даму банкі «жасыл ипотеканы» дамыту үшін «Отбасы банкіне» 200 млн доллар бөлуі мүмкін
Азия даму банкі жасыл ипотеканы дамыту үшін «Отбасы банкіне» 250 млн доллар бөлмек. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы алаңында өткен KASE Talks іс-шарасы барысында «Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова айтты.
«Біз Қазақстанда бірінші болып «жасыл ипотекалық» өнімді дамытып жатырмыз. Біздің елде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Сондықтан тұрғын үйде энергия үнемдеу мәселесі соңғы орында. Бұл туралы ешкім ойламайды. Сонымен қатар электр энергиясының тарифтері мемлекет тарапынан субсидияланады. Қазақстан да нарықтық негізде баға белгілеу тетіктеріне біртіндеп көшеді», – деген Ибрагимова құрылыс компанияларын үйлерінің энергия тиімділігіне назар аударуға шақырды.
Алайда ол энергия тиімділігі стандарттары өте қымбат екенін атап өтті. Егер энергия тиімділігі талаптарына сай тұрғын үйлер салынса, онда шаршы метр бағасы қымбатырақ болады.
«Өткен жылы «жасыл ипотекаға» 10 млрд теңгеден сәл астам қаржы бөлдік. Халықаралық ұйымдар ресурстарды ұсынуда және бұл қазір барлық елде өте өзекті. Бұл ретте Азия даму банкі мен «Отбасы банк» келесі жылға 200 млн долларға, шамамен 95-100 млрд теңгеге жобаны талқылап жатыр. Бірінші бөлім – «Ұмай» бағдарламасының гендерлік ипотекасы. Сондай-ақ жоба аясында біз «жасыл ипотека» жобасын талқылап жатырмыз. Азия даму банкі біздің құрылыс компанияларын халықаралық жасыл құрылыс стандарттарына үйрете алады. Сонымен қатар техникалық көмек ұйымдастыра алады деп сенеміз», – деді «Отбасы банк» басшысы.
Еске сала кетсек, 2023 жылдың басынан бері Қазақстанда «жасыл ипотека» іске қосылды. Бұл дегеніміз — жасыл түсті ғимараттар емес, экологиялық талаптарға сай салынған үйлер деген сөз. Әзірге елімізде бұл стандартқа жауап беретін саусақпен санарлық қана ғимарат бар. Бүгінгі материалымызда «жасыл ипотека» жайын қозғаймыз. Ипотекаға тек жаңа пәтер алуға болады, яғни қайталама нарықтағы пәтерлер бұл несиеге рәсімделмейді. Сондай-ақ пәтерді тек Omir, Гост Р, Breeam, Leed сертификаттары бар тұрғын үйлерден алуға болады.