Беларусь Республикасы ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
шос
Елордада ШЫҰ саммиті басталды / Коллаж: kursiv.media (akorda.kz и shutterstock), бильд-редактор: Денис Андреев

Астанада тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті басталды. Саммитте Беларусь мемлекеті Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше болды.

Саммит басталғанда ШЫҰ-ға мүше 9 елдің басшысы Беларусь Республикасын қабылдау туралы арнайы құжатқа қол қойды.

«Бірлескен күш-жігер, шанхайлық рухты нығайту және Шанхай қағидаттарын ілгерілету арқылы біз ШЫҰ-ны ең беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық. Бүгін Астанада өтетін саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүшелікке өту үшін қажетті рәсімдерді аяқтады. Қарсылық болмаса, кездесуді Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саммитте сөйлеген сөзінде.

Осылайша Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің саны 10-ға жетті.

Айта кетейік, ШЫҰ саммитіне  Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, БАӘ, Түркия және Түркіменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қатысуда. Саммитке сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылған.

ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтуде.

Сондай-ақ оқыңыз