Елтаңбаны ауыстыру мәселесі әзірше қаралмайды - Мәдениет министрлігі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Елтаңбаны ауыстыру мәселесі әзірге талқыланбайды / shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Елтаңбасын ауыстыру туралы мәселе жақын арада қаралмайтынын мәлімдеді. 

«Мәселе күн тәртібінен алынып тасталды», – делінген Мәдениет министрлігінің Власть басылымына берген ресми жауабында.

Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңбаны өзгерту туралы ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құрылатынын айтқан еді.

18 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік сатып алу порталында  елтаңбаға 12 өңірден 36 тапсырыс бар. Ең көп тапсырыс Ақтөбе облысынан: 8 тапсырыс, Жамбыл облысы 6 тапсырыс жариялаған.

Ең қымбат тапсырысты Абай облысы Үржар ауданының әкімдігі жасаған. Олар ғимарат сыртына ілінетін елтаңбаны 280 мың теңгеге алуға дайын (бұл қаржыға елтаңбаны орнату құны да енген). 

Қаржы министрі Мәди Такиев президент Елтаңбаны өзгерту туралы шешім қабылдағаннан кейін арнайы комиссия құрылатынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз