Іле-Алатау ұлттық паркі Түргенге өтетін эко бекетті жабуға шешім қабылдады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Іле-Алатау ұлттық паркі Түргенге өтетін жолды жабады / Фото: Іле Алатау ұлттық паркі

2024 жылы 4 шілдеде «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Түрген ауылы, Батан ауылы мен Асы жайлауына өтетін жолды жабу туралы шешім қабылдады.

Түрген ауылы – Батан ауылы – Асы обсерваториясы (7-26 км) автомобиль жолында сел қаупіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ Түрген өзенінің бассейніндегі №2 және №5 көлдері аумағына шектеулер енгізеді.

«2024 жылы 3 шілдеден бастап Іле-Алатау МҰТП Түрген филиалының экологиялық бекеті арқылы автокөліктер, демалушылар мен туристер үшін сел қаупі бар учаскелерге жол жүру шектеледі. Бұл шешім «Қазселденқорғау» мекемесінің келісімімен қабылданды», – делінген парк хабарламасында.

Ақпаратқа сүйенсек, аймаққа тек құзырлы мемлекеттік мекеме өкілдері ғана кіре алады.

Алматы қаласының прокурорлары таулы аймақтарда құрылыс салу бойынша 150-ден астам заңбұзушылық анықтаған. Прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, Аталған сұрақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бірінші басшыларының қатысуымен өтетін Үйлестіру кеңесінің күн тәртібінде Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаевтың төрағалығымен  қаралды.

Сондай-ақ оқыңыз