Ұлыбританиядағы сайлауда консерваторлар 14 жылдан бері алғаш рет жеңілді: Кир Стармер премьер-министр болады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Ұлыбританияда Кир Стармер премьер-министр болады / Фото: Simon Dawson / Reuters, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлыбританияда Кир Стармер бастаған лейбористер партиясы парламенттік сайлау қорытындысы бойынша көпшілік дауысқа ие болды. Бұл елдегі консерваторлардың 14 жылдық билігінің аяқталғанын білдіреді.

BBC ақпаратына сүйенсек, сайлаудың толыққан қорытындысы әлі шыққан жоқ. Дегенмен, елдің қазіргі премьер-министрі Риши Сунак өзінің консерваторлар партиясының жеңілгенін мойындап, Кир Стармерді жеңісімен құттықтады. 

«Бүгін билікті тапсыру бейбіт түрде өтеді. Бұл еліміздің тұрақтылығы мен болашағына сенімді болу үшін керек. Британия халқы таңдауын жасады. Партияның жеңілгені үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын», — деді Сунак.

Кир Стармер мен болашақ үкіметтің қаржы министрі Рейчел Ривздің өз округтері бойынша сенімді жеңіске жеткен.

«Өзгеріс дәл осы жерден басталады. Бұл әр дауыс берген азаматтың демократиясы, болашағы. Сіздер дауыс бердіңіздер. Енді біздің уәделерімізді орындайтын кез келді», – деді болашақ премьер Стармер өз жақтастары алдын сөйлеген сөзінде.

30 маусымда Франциядан парламенттік сайлаудың бірінші туры өтті. Нәтижесінде оңшылдар билікке келген. Соңғы рет олар нацистік Германия оккупациясы кезінде билікте болған. Марин Ле Пен мен Джордан Барделланың «Ұлттық бірлестігі» бірінші турда көш бастап тұр. Президент Эммануель Макронның «Бірге» альянсы әзірге үшінші орында.

577 орындық парламентте көп дауыс жинаған партия премьер-министрді тағайындайды. Ал президент биліктен кету-кетпеу туралы шешімді өзі қабылдайды. Макрон биліктен кетпейтінін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз