KEGOC пен China Energy Қазақстанның оңтүстігін электр энергиясымен қамтамасыз ететін желінің техникалық негіздемесін бірлесіп жасайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
KEGOC пен China Energy желінің техникалық негіздемесін жасайды. Фото: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

KEGOC пен China Energy International Group «Солтүстік-Оңтүстік» Тұрақты ток желісін салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін бірлесіп әзірлемек. Бұл желі Қазақстанның оңтүстік өңірін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, желінің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттырады.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов China Energy International Group басқарма төрағасы Лю Цзэсянмен кездесіп, келіссөз жүргізген. Қос тарап «Солтүстік-Оңтүстік» Тұрақты ток желісін салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін бірлесіп әзірлейді.

«Жоба Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясына деген қажеттілікті өтеуге, ЖЭК-тің дамуы және жүктемелердің өсуі жағдайында энергия жүйесі жұмысының тұрақтылығын арттыру міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл жоба Қазақстанның электр энергиясын беру бойынша экспорттық және транзиттік әлеуетін едәуір кеңейтеді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстан тарабы China Energy International Group электр энергетикасы саласындағы цифрлық шешімдер бойынша (қызмет көрсетуші персоналы жоқ цифрлық қосалқы станциялар, smart grid, smart metering және т.б.) практикалық тәжірибесімен танысады. KEGOC-тың CEIG-пен ынтымақтастығы қытайлық технологияды өндіріске енгізуді көздейді.

China Energy International Group Co., Ltd. – тізбек бойынша энергетикалық шешімдерді ұсынатын ауқымды өнеркәсіптік. Компанияның әлемнің 147 елінде 256 филиалы бар. Қазіргі кезде CEIG 416 энергетикалық жобаны жүзеге асырып жатыр. Компанияда жоспарлау мен консалтинг, бағалау мен талдау, іздестіру мен жобалау, құрылыс, мердігерлік жұмыстар, операциялық қызмет көрсетуді, сондай-ақ жабдықтар мен құрылыс материалдарын өндіруді біріктіретін Атом циклінің толық өндірістік тізбегі бар. Компания Fortune Global 500 тізіміне кіреді.

KEGOC 2023 жылы стратегиялық маңызы жоғары «Қазақстан БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту» жобасын сәтті аяқтаған. «Батыс Қазақстан энергия торабы – Атырау – Маңғыстау» маршруты бойынша бес 220 кВ электр жеткізу желілері пайдалануға енгізілді. Бұл Батыс аймақтағы электр байланыстарының өткізу қабілетін екі есе арттыруға мүмкіндік берді.

Компанияның Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов 2024 жылы Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіруге баса назар аударылатынын айтқан.

Қазір компанияның 85% акциясы «Самұрық-Қазына» қорының иелігінде. 6,87%-ы БЖЗҚ-ға тиесілі, ал 8%-ға жуығы еркін айналымда жүр. 

2023 жылы электр энергиясын тұтыну 2022 жылмен салыстырғанда 1,9%-ға артты. Көрсеткіш 115,06 млрд. кВтсағатты құрады. Бұл KEGOC көрсететін қызметтер көлеміне оң әсерін тигізген.

Сондай-ақ оқыңыз