«Қазақстанның даму банкі» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларына 300 млрд теңге бөледі

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің тілшісі
"Қазақстанның даму банкі
Қазақстанның даму банкі жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы операторы болмақ / Фото: shutterstock және freepik

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын іске қоспақ. Жобалар 2024-2029 жылдарға арналған.

«Бағдарлама мемлекеттің әлеуметтік саясатының бір бөлігі болатын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің тозу проблемасын шешуге бағытталған. Бұл кез келген елдің үкіметі үшін күрделі және маңызды міндет болып табылатын муниципалдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі жобаларды ұзақмерзімді бюджеттен тыс қаржыландырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп хабарлады қаржы ұйымы.

Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасының операторы – ҚДБ. Жергілікті атқарушы органдар табиғи монополиялар субъектілерін кейіннен жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру үшін облигациялық қарыз құралын қолданады деп жоспарлануда.

Осылайша, табиғи монополиялар субъектілері электрмен және жылумен жабдықтау желілерін салу және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыра алады.

«Бастапқы кезеңде қаржыландырудың жалпы көлемі 300 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру көзі – бюджет қаражаты және нарықтық қорландыру», – деп хабарлады Банк.

Сондай-ақ жобалар талаптарға сәйкес келген жағдайда, ҚДБ табиғи монополиялар субъектілеріне ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыруды тікелей ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл ретте әрбір қарыз мерзімі 14 жылға дейін бекітілмек.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ТКШ объектілерін жаңғырту, коммуналдық инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыру, елдің тұрғын үй қорын ұлғайту және жаңарту жоспарлануда.

Бұған дейін, «Қазақстан даму банкі» өз облигацияларын сатып алу ұсынысын жариялаған.

«Қазақстан Даму Банкі» – елдің шикізаттық емес секторын қаржыландыру арқылы ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қолдау көрсету мақсатында құрылған. Банк мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектеседі. Банктің жалғыз акционері – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі». 

Сондай-ақ оқыңыз